Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Туған өлкем»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну

2.1 Сөздік қорды толықтыру

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрайды. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Өз бетінше өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.

Өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.

Tілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

серуен, бос ыдыс, лақтырып жіберу, ағып кетеді, тазалық сақта.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша ..., Біздің ойымызша...

Құндылықтарды дарыту

Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін көрсетуге, мейірімділік, қамқорлық жасауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

дүниетану, орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қазақстан табиғаты. Ақпарат іздеу.№2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Мұғалім «Менің өлкем» тақырыбына қатысты лексиканы қайталатады. Мысалы, жануарлар, құстар, гүлдер, ағаштар мен жәндіктер,т.б.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№1. Орманға саяхат.

-Сабағымыздың мақсаты:

  • Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
  • Өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.

Сабақтың ортасы

) Тыңдалым алды сөздік жұмысын орындау.

Оқушылар мәтінді тыңдайды.

Серуенге барғанда

Тимур, Алан және Инсар серуенге жиналды. Таза ауада балалар жақсы демалды.Тамақтанып болған соң Тимур судың бос ыдысын өзенге қарай лақтырып жіберді.

  • Өзенге қоқыс тастауға болмайды, - деді Алан.
  • Ештеңе етпейді. Сумен ағып кетеді ғой!
  • Жоқ. Болмайды. Менің атам табиғатты ластау әдепсіздік деген.
  • Иә, демалыс орындарында тазалық сақтау керек, -деді Инсар.

Тимур қателігін түсініп, достарынан кешірім сұрады.

(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.

  • Балалар қайда барды?
  • Олар қалай демалды?
  • Тимурдың қолында не болды?
  • Ол не істеді?
  • Алан Тимурға не деп айтты?
  • Оны кім қолдады?
  • Тимурдың әрекеті қандай болды?

(Ж) Оқушылар жұпта демалу кезінде сақталатын әдеп ережелерін жазады. Әр жұп екі ереже жазады.

-Әңгіменің кейіпкерлері қайда барды деп ойлайсыңдар?

-Орманға.

-Орманда нелер болады?

Осы сурақтың жауабын сурет салу арқылы көрсетіңіздер. Жұпта отырған оқушылар ақ қағазға орманның суретін салып, айтады.

Жұпта бірін-бірі бағалайды.

СЕГІТУ СӘТІ

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады.

Үйге тарпсырма: «Серуенге барғанда» мәтінін

мазмұндау

«

Сабақтың соңы

Рефлексия.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады.

Жұптық, жеке бағалау.

Ұжымдық, жұптық, жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу