Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№2. Таулы аймақтарға саяхат. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, дидактикалық материал.


Жайлау күні

Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесіп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейін асық ойнап, тайға мініп мәз болды.

-Жайлау жақсы екен, тек күні қысқа. Ойнап жатқанда батып кетеді,- деді. Құрмаш:

-Онда ертең менің орныма бір күн қозы бақ,- деді.

Жұмаш келісті. Ертеңінде ертемен қолына таяқ ұстап, қозыны өріске шығарды. Қозылар жайылып жүр. Ауыл жаққа қараса, балалар ойнап жүр екен. Мен де ойнасам деп қызығып кетті. Бірақ күн орнынан қозғалмай тұрғандай көрінді. «Бұл қалай, күнде тез өтетін еді, - деп таңданды Жұмаш.- Бүгін күн бататын емес қой», - деп, шыдамай қозыны қораға ерте айдап келді.

Келген бетте Құрмашқа:

- Жайлаудың күні әр түрлі болады екен. Кей күндері қысқа, кей күндері ұзақ. Әсіресе бүгін ең ұзақ күн болды, - деді де, қозыны тастап, баларға қарай жүгіріп кетті.

(Ұ) Сұрақтарға жауап береді.

  • Балалар қайда барды?
  • Құрмаш пен Жұмаш жайлауда не істеді?
  • Неге Жұмаш үшін күн қысқа болды?
  • Неге Құрмаш Жұмашқа қозы бағуды ұсынды?
  • Қалай ойлайсыз Құрмаш пен Жұмаш қандай балалар? Сипаттап бер.
  • Адамдар жайлауда қандай істер істейді?
  • Жұмашқа қандай кеңес берер едің?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу