Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№4 Астана – бас қала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Туған өлкем» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№4 Астана – бас қала. | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1 Сөздік қорды толықтыру 2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Кейбір оқушылар: Өз бетінше өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. | ||||
Бағалау критерийлері | Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: ғимарат, көпір, субұрқақ, өзен, солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысы Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша ..., Біздің ойымызша... | ||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін көрсетуге, мейірімділік, қамқорлық жасауға үйрету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||
Бастапқы білім | Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№3. Табиғи қорыққа саяхат. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері (Ұ) Оқушылар бірнеше суреттерді көріп, қай қала екенін айтады. Сабақтың тақырыбын анықтайды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№4. Астана – бас қала. Сабағымыздың мақсаты:
| ||||
Сабақтың ортасы | Кейбір оқушылар Астанаға саяхат жасап, көрген білгендерімен бөліседі. (Ұ) Мәтінді оқып, не түсінгендерін айтады. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. Ол Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Астана еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын бір-бірімен байланыстырып тұр. Елордамыз Астана қаласы жылдан-жылға гүлденіп келеді. Әр оқушы өзін-өзі бағалайды.
(Ө) Мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша оқушылар досына хат жазады. Хатта Астана қаласына саяхат жасап нені білгенін, нені көргенін баяндап жазады. Бірін-бірі бағалайды.
СЕГІТУ СӘТІ Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады. |
| |||
Сабақтың соңы | Рефлексия. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар саяхат/таңдаған суреттер туралы қызықты сөздерді қолданып айта алады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар саяхат/суреттер туралы айтуда «Менің өлкем» тақырыбына байланысты сөздерді қолдануға тырысады. | Жұптық, жеке бағалау. | Ұжымдық, жұптық, жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?