Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім «Туған өлкем» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№1 | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын кейіпкерлерді анықтайды. Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: құстар, тоқылдақ, тырна, торғай, қарлығаш, ұшады, аспанда Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша ..., Біздің ойымызша... | ||||
Құндылықтарды дарыту | Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін көрсетуге, мейірімділік, қамқорлық жасауға үйрету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||
Бастапқы білім | Орман, таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес)№4. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері Оқушыларға жұмбақтар жасыру. https://www.youtube.com/watch?v=TbGxhva5Z04 ЖҰМБАҚТАР. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№1 Сабағымыздың мақсаты:
| ||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Сұрақ- жауап:- Көктемде ең бірінші келетін құстар? (Ұзақ, тырна, үйрек)- Олардың қандай пайдасы бар? (ағаштарды құрттардан тазалайды)- Құстар немен қоректенеді? (Құрт, жаңғақ бүрлері)- Адамадардың досы қандай құс? (Қарлығаш)- Орман дәрігері қандай құс? (Тоқылдақ)- Өз атын шақыратын құс? (Көкек)- Қандай құс хат тасушы? (Ақ көгершін)- Достық, махаббат символы қандай құс? (аққу) Құстар туралы тақпақтарды мәнерлеп оқу. Тоқылдақ Тоқылдақтар тоқылдап Ешбір тыным көрмейді Ағашты қанша тессе де, Жұмысы бір өнбейді. Тырна Тырау, тырау тырналар Жем іздесең қырға бар Қырда бірақ, түлкі бар, Сақ болмасаң жұлмалар Қарлығаш Адамзаттың жақыны Қарлығаш та ақылды Көгершін мен екеуі Жайлайды бір шатырды.
Қос қанатын иіп ап, Жарға келіп қонады. Қара киім киіп ап, Балшықтан үй соғады. Бірін-бірі бағалайды. (ҚБ) Қай оқыған тақпақ сізге ұнады?Неге? Қай құсты жақсы көресіз? Неге?
(Ө) Суретін салады. Тақтаға кұстар кқрмесін жасап, өлеңдерін мәнерлеп оқиды. СЕГІТУ СӘТІ Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқылған өлеңдер туралы пікірлерін (келісетіндерін/ келіспейтіндерін) айтады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлеңдегі негізгі идеяны айтады. |
| |||
Сабақтың соңы | Рефлексия. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқылған өлеңдер туралы пікірлерін (келісетіндерін/ келіспейтіндерін) айтады; қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлеңдегі негізгі идеяны айтады. | Бірін- бірі бағалау. | Ұжымдық, жұптық, жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?