"Менің отбасым" туралы постерлер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

"Менің отбасым" туралы постерлер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айту.

2.4.1.1 Заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазады.

Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады, заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) жазады.

Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерін дұрыс дыбыстап айтады және еркін қолданады, заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөз тіркесін және сөйлемдерді (3 сөйлемнен кем емес) жүйелілікпен жазады.

Бағалау критерийлері

Сөйлеу барысында сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтады.

Заттың сынын білдіретін сөйлемді қолданып, өзара байланысқан сөйлемдер жазады.

Тілдік мақсаттар

тату, қамқор, мейірімді, ақылды, көмектеседі, жақсы көреді, ұзын бойлы, орта бойлы, қатал, ақ көңіл, сабырлы, әдепті, тәрбиелейді, қамқор болады, ақыл айтады, екеуміз, бірге.

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Отбасы мүшелерін сипаттай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Шеңбер бойындағы әңгімеле»

Оқушылар отбасы туралы салып келген суреттері бойынша бір-екі сөйлем айтып шығады.

Ықтимал жауаптар:

  • Әкем екеуміз теледидар көреміз.
  • Анам екеуміз доп ойнаймыз.

Бірін-бірі бағалау үшін оқушыларға жүрек түріндегі стикерлер беріледі. Олар өздеріне ұнаған жұмысқа жүрекше сыйлайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

3 мин

2 мин

7 мин

) «Сыңарынды тап!» ойыны. Сурет пен сөйлемді сәйкестендіру арқылы оқушылар жұпқа бөлінеді.

Анам екеуміз сурет саламыз.

Әкем екеуміз велосипед тебеміз.

Анам екеуміз тамақ пісіреміз.

Әкем екеуміз теледидар көреміз.

(Ж) «Суреттер сөйлейді»

Әр жұпқа отбасы мүшелері мен түрлі заттардың суреттері беріледі. Оқушылар отбасы мүшелері және заттарды байланыстырады. Байланыстырған суреттерін келесі жұпқа көрсетеді. Ол жұп суретке қарап, сөйлем айтады.

Үлгі:

+ +

Әжем екеуміз ән тыңдаймыз.

(Ө) Өзін-өзі бағалау.

Whiteboard қағаздарына смайлик суретін салу арқылы жұпта жасаған жұмысына баға береді.

Сергіту сәті.

Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап істейді.

) "Ойлан, жаз!" Мәтіннің басы мен аяғы берілген дайын шаблонды сұрақтарға жауап беру арқылы үш сөйлеммен толықтырып жазады.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдерде отбасы мүшелерін сипаттап, іс-әрекеттерін жаза алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар тірек сөздердің көмегімен сөйлемдерді жаза алады. Жазбаша жұмысты мұғалім дескрипторлар арқылы бағалайды.

  • Отбасыңда кімдер бар?
  • Отбасы мүшелері қандай?
  • Сендер бірге не істейсіңдер?

Дескрипторлар:

  • мәтінді жалғастырып жазады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды.

Презентация

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

6 мин

Кері байланыс. «Пайыздық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысына баға береді.

25% 50% 100%

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу