Танысу және бос уақытты өткізу №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Өзім туралы» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Танысу және бос уақытты өткізу №1 | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну. | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған сөздердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. | ||||
Бағалау критерийлері | Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіне алады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын қарапайым фразалардың мағынасын түсіне алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Бос уақытымда, жүгіремін, жүземін, серуендеймін, атпен шабамын, саяхатқа шығамын Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: «Қайырлы таң! Қайырлы күн! Менің атым... Сенің атың кім?» Бұл кімдер? Бұл - балалар. Қанша бала ?Бес бала. Қандай балалар? Тәртіпті, ұқыпты, әдепті. Балалар не істейді? Серуендейді, ойнайды. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі, дене тәрбие сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html Көңілді күн | ||||
Бастапқы білім | 1-сынып бойынша материалды қайталау. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбер Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. (МК,Ұ) Мұғалім оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Қайырлы таң! Қайырлы күн! Менің атым... Сенің атың кім?» сөйлеу үлгісін көрсетеді. Оқушылар кезекпен «Қайырлы таң», «Менің атым ... Сенің атың кім?» деп жалғастырады. Мұғалім оқушыларға қолдау көрсетіп отырады. Бағалау критерийі:
| ||||
Сабақтың ортасы 33 минут | (МК,ЖЖ) «Сипаттау» ойыны ойнатылады. Әр жұпқа суреттер таратылады. Әр жұп өздеріне түскен суретті Не? Кім? Қанша? Қандай? сұрақтары арқылы сипаттап шығулары керек. Мысалы, Бұл кімдер? Бұл - балалар. Қанша бала ?Бес бала. Қандай балалар? Тәртіпті, ұқыпты, әдепті. Балалар не істейді? Серуендейді, ойнайды. Жұптар бір-бірін бағалайды. Бағалау критерийі:
(МК,Ұ) Мұғалім бос уақытқа қатысты 1-сыныпта өткен тақырыптарды қайталатады. Бос уақытта істеуге болатын түрлі әрекеттер жоспарын (сурет картасын) көрсетеді. -Балалар, қалай ойлайсыңдар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай? Не туралы? Оқушылар сурет картасына қарай отырып, өздері сабақ тақырыбын анықтайды. СЕРГІТУ СӘТІ http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html Көңілді күн (Ж) Оқушылар кезекпен бос уақытта істейтін әрекет түрлерін «Бос уақыт» карталарындағы суреттермен сәйкестендіреді. Мысалы, кітап оқу, серуендеу, ән тыңдау, спортпен айналысу, үлкендерге көмек беру, т.б. Бағалау критерийі: 1. «Бос уақыт» карталарындағы суреттермен сәйкестендіре алады. (Ұ) Флипчартқа тақырыпқа сай жаңа сөздерді жазу, сөйлем құрудың үлгісін көрсету. Бос уақытымда Жүгіремін Жүземін Серуендеймін Атпен шабамын Саяхатқа шығамын Үлгі: Мен саябақта (далада, таза ауада) досыммен(анаммен, ағаммен) серуендеймін. (ЖЖ) Оқушылар жұпқа бөлінеді. Жұпта бос уақытын өткізу түрлерінің тізімін ақ қағазға жазып тақтаға іледі. Қалған оқушылар сол сөздерді оқиды, жіберген қатесін түзетеді. (ҚБ) Тапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып, сөйлем құрастыр. Доп, алаң, футбол, бос уақыт, ойнау. Бағалау критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар «бос уақыт» карталарындағы сөздерді суретсіз оқи алады және бос уақытта істейтін әрекет түрлерінің тізімін жасай алады. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар «бос уақыт» карталарындағы сөздерді мұғалім көмегімен оқуға талпынады. | суреттер Таныстырылым | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Мен бүгін сабақта ..., ... үйрендім. Маған ..., ... қиын болды. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
«Бос уақыт» карталарындағы сөздерді суретсіз оқи алады және бос уақытта істейтін әрекет түрлерінің тізімін жасай алады. | Меңгеруді бақылау Жұптар бір-бірін бағалайды. Дескрипторлар арқылы бағалау | Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?