Танысу және бос уақытты өткізу. №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Танысу және бос уақытты өткізу. №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

2.3.2.1 таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды сақтау

2.2.3.1 күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда іс-әрекетін нақтылау үшін, қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қою, диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтап (логикалық екпін, дыбыстау, сөз таңдау...), этикет сөздерді қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын мұғалім көмегімен түсінеді; күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда іс-әрекетін нақтылау үшін, қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қоя алады.

Көптеген оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді; диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтайды (логикалық екпін, дыбыстау, сөз таңдау...).

Кейбір оқушылар: таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді және басқаларға түсіндіре алады; күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда іс-әрекетін нақтылау үшін, қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қояды, диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтап (логикалық екпін, дыбыстау, сөз таңдау...), этикет сөздерді қолданады.

Бағалау критерийлері

Таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда іс-әрекетін нақтылау үшін, қызығушылығы бойынша сұхбаттасына сұрақ қояды.

Диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтайды (логикалық екпін, дыбыстау, сөз таңдау...).

Этикет сөздерді қолданады.

ілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

бос уақыт, этикет сөздер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қайырлы таң,________________________!

- Қайырлы таң,________________________!Бүгін қандай үйірмеге барасың?

-Мен бүгін ___________________ барамын.

-Үйірмеге кіммен барасың?

-________________ екеуіміз бірге барамыз.

-Өте жақсы!

-Сау бол!

Құндылықтарды дарыту

Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі, дене тәрбие сабағы

АКТ қолдану дағдылары

http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html

Көңілді күн

Бастапқы білім

Танысу және бос уақытты өткізу. №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

Шеңберде тұрып, кезекпен қасында тұрған балаға жақсы тілек айтады. Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!

(Т) Оқушылар кезекпен бос уақытта істейтін әрекет түрлерін «Бос уақыт» карталарындағы суреттермен сәйкестендіреді. Мысалы,

  • Музыка тыңдаймын.
  • Би үйірмесіне барамын.
  • Қыста шаңғы тебемін.
  • Велосипед тебемін.
  • Компьютер ойнаймын.
  • Гитарада ойнаймын.
  • Ән айтамын.
  • Сурет саламын.
  • Драма үйірмесіне барамын.
  • Аулада достарыммен доп ойнаймын.

Топтар бір-біріннің жұмыстарын ауызша бағалайды.

Бағалау критерийі:

1.Сурет пен сөйлемдер дұрыс сәйкес келеді.

Сабақтың ортасы

33 минут

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

(Ұ) Оқушылар өздерінің қалауы бойынша картадағы бос уақытты өткізу түрлерін дауыстап оқиды.

(ЖЖ) Үлгіге қарап, диалог құрастырыңыз. Бос орынға өзің қатысатын үйірмені қойып, жұбыңмен сөйлес.

ҮЛГІ:

-Қайырлы таң,________________________!

- Қайырлы таң,________________________!Бүгін қандай үйірмеге барасың?

-Мен бүгін ___________________ барамын.

-Үйірмеге кіммен барасың?

-________________ екеуіміз бірге барамыз.

-Өте жақсы!

-Сау бол!

Бағалау критерийі:

1.Үлгіге қарап, бос орынға қажетті сөздерді қоя алады.

2.Сұрақтарға жауап бере алады.

3.Диалогке қатысу барысында тілдік нормаларды сақтайды (логикалық екпін, дыбыстау, сөз таңдау...).

4.Этикет сөздерді қолданады.

СЕРГІТУ СӘТІ

Көңілді күн

(МК) Сынып бөлмесін бойлай орналастырылған карталарды қолдана отырып, бір хоббиді дене және қол қимылдарымен көрсетіңіз. Мысалы, оқу. Оқушылар дұрыс шешіп, хоббиді атайды, содан соң сәйкес картаны көрсетеді.

(Ұ, Қ) Шеңберде оқушы өзі таңдап, басқа бір бос уақыт түрін қимылмен көрсетеді. Тапқан оқушы сәйкес карта мен тірек сөздерді көрсетеді және келесі түрін жасырады, т.б.

Бағалау критерийі:

1.Бос уақыт түрі туралы қарапайым тілді қолданады.

  • Заттың атауын және қимылды білдіретін сөздерді қолданып, әрекеттерді осы шақта толық сипаттайды.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар «бос уақыт» карталарындағы сөздерді суретсіз оқи алады және бос уақытта істейтін әрекет түрлерінің тізімін жасай алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар

«бос уақыт» карталарындағы сөздерді мұғалім көмегімен оқуға талпынады.

http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html

Көңілді күн

Таныстырылым

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс: Қабырғада тұрған пайыздық көрсеткіштерге тұрып, өз деңгейлерін көрсетеді.

25 %, 50%, 75 %, 100%

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар «бос уақыт» карталарындағы сөздерді суретсіз оқи алады және бос уақытта істейтін әрекет түрлерінің тізімін жасай алады.

Меңгеруді бақылау

Топтар бір-біріннің жұмыстарын дескрипторлар арқылы

бағалайды.

Топтарда жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу