Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім «Өзім туралы» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1 | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1 Сөздік қорды толықтыру 2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту 2.2 Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу 2.2.2.1 көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлеу, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қою | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді. Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды. Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/ үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын өздері дұрыс қояды. | ||||
Бағалау критерийлері | Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Көрнекілік/үлгі/қате құрылған сөйлем негізінде 2-3 сөйлемнен тұратын сөз сөйлейді. Сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын дұрыс қояды. | ||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: мектепке, шалбар, көйлек, белдік, күрте, киеді. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша, ......... деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін | ||||
Құндылықтарды дарыту | Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету. | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Бос уақытты өткізу түрлерінің тізімін жасау | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбер (МК) «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойынын жүргізу. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір түсті атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір түстің атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады. Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру. | ||||
Сабақтың ортасы 33 минут | (Т) Оқушыларды топқа қағаз қиындыларында жазылған әріптер арқылы бөлу. КИІМ деген сөзді құрастыра отырып, 4 топқа бөлінеді. К-1,И-2, 3-І, М-4 Тапсырма. Балпанақ мектепке жиналды. Ол қандай киім киюі керек? Балпанаққа көмектес. Тірек сөздер: шалбар, көйлек, белдік, күрте .... Дескрипторлар:
СЕРГІТУ СӘТІ Тербеледі ағаштар, Алдымен жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, Үп-үлкен боп өседі. (Ж) Тапсырма. Сурет бойнша диалог құрастыр. Сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін қою. Үлгі:
Дескрипторлар:
(Ө,Қ) Оқушылар өздері таңдаған бос уақытты өткізу түріне қажетті киім мен заттар туралы қарапайым әңгіме жүргізеді. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтып береді; қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтады. | ||||
Сабақтың соңы 2 минут | Кері байланыс: Бояу Қызыл – түсінбедім Сары – аздап түсіндім. Жасыл - түсіндім | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтып береді. | Меңгеруді бақылау Жұптар бір-бірін бағалайды. Дескрипторлар арқылы бағалау | Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?