Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 2

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)

2.5.1.4 мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратады.

Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша айта алады.

Кейбір оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратып, ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Бағалау критерийлері

Өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады.

Мұғалімнің көмегімен сөйлемдегі сілтеу және сұрау түрлерін ажыратады.

Ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша, ......... деп ойлаймын, ұнайды, келісемін, келіспеймін

Құндылықтарды дарыту

Бос уақытты тиімді өткізуіне дұрыс жоспарлауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

орыс тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html

«Көңілді күн»

Бастапқы білім

Бос уақытты өткізу туралы идеяларды жинақтау №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбер

(МК) «Сөздерден әңгіме құра» тәсілі бойынша мұғалім түрлі түсті заттарды әкеліп, олармен бос уақыт туралы сөйлем құрғызады.

Мысалы: Доп. Қызыл доп. Қызыл добым бар. Мен доппен ойнағанды жақсы көремін. Қызыл коньки. Мен коньки тебемін. Мен қыста бос уақытымда коньки тебемін.

Сабақтың тақырыбын анықтау, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

33 минут

(МК) Таныстырылымнан бос уақытта ойнауға болатын ойындар туралы көрсету.

(Ж) Бос уақытта сен достарыңмен кездестің. Қандай ойынды таңдайсыңдар? (Жұбымен талқылау)

  • Суреттерге қара.
  • Таңдау жаса.
  • Неліктен бұл ойынды таңдадың?

Дескрипторлар:

  • Неге бұл ойынды таңдағаны туралы айта алады.

(Ұ) Қалауы бойынша 3-4 оқушы достарымен қандай ойындар ойнайтынын, таңдаған ойындары неліктен ұнайтынын айтып береді.

(МК) Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы әңгімелеу.

Арқан тарту

Балалар екі топқа бөлінеді. Жерді сызады. Балалар екі жаққа тұрып, арқанды тартады. Қай топ тартып алса, сол топ жеңеді.

Асық ойнау

Ұлдар асық ойнайды. Асықтарды тізіп қояды. Сақамен асықтарды атады.

Аударыспақ

Екі бала теріс қарап тұрады. Бір-бірін көтеріп аударады.

СЕРГІТУ СӘТІ

http://www.ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html

«Көңілді күн»

Дифференциация:

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтып береді;

қабылдау деңгейі орташа оқушылар үлгі бойынша өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтады.

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс:

Бояу

Қызыл – түсінбедім

Сары – аздап түсіндім.

Жасыл - түсіндім

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар қызықты/әсерлі сөздерді қолдана отырып, өздерінің бос уақыттарын қалай өткізетіні туралы айтып береді.

Меңгеруді бақылау

Жұптар бір-бірін бағалайды.

Дескрипторлар арқылы бағалау

Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу