Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім «Менің отбасым және достарым» Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №2 | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну 2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 2.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: тыңдаған мәтіннің тақырыбын, анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. Көптеген оқушылар: мұғалім көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды Кейбір оқушылар: өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. | ||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды. Тыңдаған мәтіннің жағымды және жағымсыз кейіпкерлерін анықтайды. Қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды. | ||||
Tілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Қамқор, қамқорлық, көмекші Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Менің ойымша.., біздің ойымызшы... | ||||
Құндылықтарды дарыту | Отбасына қамқорлық, мейірімділік көрсетуге үйрету | ||||
Пәнаралық байланыстар | орыс тілі сабағы | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №1 | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбер Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топқа ақ қағаз беру. Сол ақ қағазды «пицца» деп есептейді. Бес отбасы мүшелерін «пицаның» бөліктеріне жазады. ( ата, әже, әке, ана, аға) Әр топ мүшелері «пицаның» бір бөлігін алып, сол бөлікте жазылған сөзге сөйлем құрастырады. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. | ||||
Сабақтың ортасы 33 минут | (МК Ұ) Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды. Кішкентай қарындасым «Ағатайым келді!» -деп, Қара көзің күлімдеп, Қарсы аласың елжіреп, Қарындасым – Қарлығашым! Сен құшасың күлімдеп, Мен құшамын «гүлім» - деп, Жайнай берші, күнім боп. Қарындасым – Қарлығашым! авторы Ә. Табылды (Ұ) Оқушылар өлеңді дауыстап, бір мезетте хормен оқиды. Өлеңді оқығаннан кейін сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:
Дескриптор:
Сергіту сәті Бас бармағым - әкем. Балан үйрек - анам. Ортан терек- ағам. Шілдір шүмек-апам. Кішкентай бөбек -мен. (Ұ) Тыңда және жауап бер. Динаның әпкесі бар. Ол Динаға ертек оқып береді. Сабағына көмектеседі. Ол өте білімді. Ал Надяның ағасы оны сабаққа апарады, оған коньки тебуді үйретеді. Ол ағасымен мақтанады.Себебі ол мәнерлеп сырғанаудан чемпион. Сұрақтар: 1.Дина кімді өте жақсы көреді? 2. Надя кіммен мақтанады? 3. Динаның әпкесі қандай? 4.Дина мен Надяға кімдер көмектеседі? Дескриптор: Сұрақтарға дұрыс жауап береді. Дифференциация: қабылдау деңгейі жоғары оқушылар отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді; қабылдау деңгейі орташа оқушылар отбасына қатысты басым сөздерді суреттер бойынша әңгімелейді. | ||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Мұғалім түрлі смайликтер таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Отбасыға қатысты тыңдалған мәтін бойынша қарапайым түрде өз пікірін білдіреді. | Меңгеруді бақылау Жұптар бір-бірін бағалайды. Дескрипторлар арқылы бағалау | Жұптар жұмыс істеу дағдылары (құрмет көрсету, кезекпен сөйлеу және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?