Дені саудың – жаны сау Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 13.05.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дені саудың – жаны сау

Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж6 Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап жазады.

Кейбір оқушылар:

Аудио-визуалды құрал көздерінен алынған материалды сипаттап, жүйелі жазады.

Жетістік критерийлері

Ойын жинақтай отырып, көрген материалды сипаттап жаза алады.

 Сөздік қор

Ана, аға, іні, ойнады, құлады, жылады, ауырды, барды, дәрігер, емхана, қарады, тексерді, дәрі, жазып берді, тәуір болу.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Дәрігерге бару туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) «Көңілді шеңбер».

Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақ ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

10 мин

) "Пантомима". Бір оқушы қысқа мәтін айтады. Екінші оқушы мәтінді тыңдап, түсінгенін қимылмен көрсетеді. Айтқан оқушы дұрыс/бұрыстығын тексереді. Алғашқы үлгіні мұғалім көрсетеді.

(МК) Бейнематериалмен жұмыс. Бейнематериалды қарап, сұрақтарға жауап беру, сол арқылы бейнематериал мазмұнын талқылау.

  • Үйде кімдер болды?
  • Анасы кеткенде бала пингвиндер не істеді?
  • Аға пингвин неге жылады?
  • Аға пингвин және іні пингвин қайда барды?
  • Аға пингвин неге дәрігерден қашты?
  • Дәрігер не істеді?
  • Соңында не болды?

(Ж) Суретпен жұмыс. Бейнематериал негізінде жасалған суреттер бойынша жұпта 2-3 сөйлемдер жазады. Жазған жұмыстарын келесі жұпқа оқиды, дұрыс/бұрыстығын тексереді. Соңында шеңберде тұрып, оқиғаны толықтай әңгімені баяндайды.

(Ө) «Бес минуттық жазу»

Бейнематериал негізінде суреттерге сүйене отырып, сөйлемдер жазады, жазғандарымен бөліседі.

https://www.youtube.com/watch?v=F3SGm7gMJB0

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу