Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау№1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау№1 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру 1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді 2.4 Диалогке қатысу 1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Жүйелі сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. | ||
Жетістік критерийлері | Тыңдалым. Мәтінді түсінгендігін әр түрлі әрекеттермен (пікір айту, сұрақ қою, қимыл арқылы) көрсете алады. Айтылым. Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Дәріхана, ақ халат, дәріқағаз, баға, сөре | ||
Құндылықтарды дарыту | Қоғамдық орындарда өздерін ұстауға, сөйлесе білуге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары |
| ||
Бастапқы білім | Менің денем- ақпараттық постер№3 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері (Ұ) Сынып оқушылары «Дәрігерге бару» туралы әңгімелерін мұғалімнің әңгімені мазмұндау жоспары мен іс-қимылын пайдалана отырып мазмұнын айтып береді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Дәрігерге бару – идеяларды есте сақтау№1 Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
| |
Сабақтың ортасы 5 минут | (Ұ) Сыныптан үш оқушыны дәрігерге бару туралы әңгіменің көрінісін көрсету үшін ортаға шығару. Басқа оқушылар әңгімені тек мазмұндап береді. Қажетті кейіпкерлер: бала, ана, дәрігер. Олар рөлдік ойын барысында тиісті интонация мен тыңдаушыны сендіретін қажетті іс-қимыл көрсетулері керек. Диалог Дәрігерде
(Т, Қ) Оқушылар үш топқа бөлінеді және әр топ дәрігерге бару көрінісін қояды, сонымен қатар топтан бір оқушы шығып, осы әңгіменің мазмұнын айтады. Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз.:
Диалог Дәріханада
СЕРГІТУ СӘТІ Көзге арналған жаттығуды орындау.
ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: әңгімені жоспарға сүйенбей, іс-қимыл арқылы мазмұндайды. Көріністерін бір-екі ауыз сөзбен толықтырады. Қабылдау деңгейі баяу оқушылар: әңгімені мұғалімнің жоспарының көмегіне сүйене отырып мазмұндайды. Оқу мақсаттарына қайта оралу. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар әңгімені жоспарға сүйенбей, іс-қимыл арқылы мазмұндайды. Көріністерін бір-екі ауыз сөзбен толықтырады. | Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз.:
| Сауат ашу сабағы Қоғамдық орындарда өздерін ұстауға, сөйлесе білуге тәрбиелеу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?