Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Зейін қойып тыңдау

1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды

3.1 Зейін қойып оқу

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және сөйлем құрастырады.

Жетістік критерийлері

Тыңдалым.

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Оқылым.

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

тіс дәрігері, балалар дәрігері (педиатр), хирург, терапевт,

мейірімді адам, науқас адам, қал-жағдайын сұрау, қызуын градусникпен өлшеу, адамның ауруын анықтайды, емдеу.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулығын күтуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Менің денем- ақпараттық постер№2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Сыныптағы барлық оқушыдан әңгіме жоспарында берілген сөздерді пайдалана отырып, әңгімені мазмұндайды. (Бір күні, бірінші, сосын, кейін, соңында)

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

Ауруханаға бару/дәрігерге қаралу№3

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:

  • Қандай дәрігерлер болатынын білу;
  • Дәрігер не істейтінін айту.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

5 минут

(Ұ) Бірлесіп оқу әдісімен мәтінді оқиды, оқушылар мұқият тыңдайды.

Дәрігерде

Адам ауырғанда дәрігерге барады. Түрлі дәрігерлер болады: тіс дәрігері, балалар( педиатр) дәрігері, хирург, терапевт,т.б.

Дәрігер – мейірімді адам. Ол науқас адамның қал-жағдайын сұрайды. Қызуын градусникпен өлшейді. Дәрігер науқас адамның ауруын анықтайды. Сосын оны емдейді.

Оқушылар мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

  • Адам ауырғанда қайда барады?
  • Қандай дәрігерлер болады?
  • Дәрігер қандай адам?
  • Ол не істейді?

СЕРГІТУ СӘТІ

Көзге арналған жаттығуды орындау.

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: кейбір негізгі сөздерді айтады және басқа оқушылардың іс-қимылын қайталайды.

Оқу мақсаттарына қайта оралу.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар әңгімені мазмұндау жоспарына сүйене отырып, өздігінен әңгімені мазмұндайды.

Сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау.

Сауат ашу сабағы

Денсаулығын күтуге тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу