Ауруханаға бару (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Дені саудың – жаны сау

Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауруханаға бару (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толықтай түсінеді.

Бағалау критерийлері

Жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Ауырады, аурухана, барады, емдейді, дәрігер

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Дене мүшелерінің атауларын жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту. «Шаттық шеңбері».

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Жаңа білім алуға,

Алға қадам жасаймыз.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

7 мин

3 мин

7 мин

10 мин

(МК) «Суреттер сөйлейді». Оқушылар берілген суреттер бойынша білетін сөздерін / сөйлемдерін айтады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады.

Тапсырманың мақсаты – тақырып бойынша «бастау нүктесін» анықтау, тақырыпқа қатысты жаңа лексиканы меңгеру.

(Ө) «Мен білемін!» Оқушылар сөз бен суретті сәйкестендіреді. Сөздерді дұрыс оқиды.

тісі ауырады

аурухана

ауруханаға барады

дәрігер

дәрігер емдейді

Сергіту сәті. «Аяқпенен топ-топ-топ» әнін айтып, қимылдар жасайды.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

(Ө) «Грамматикалық қоржын». Оқушылар тәуелдік жалғаулы сөздерді қолдану жолдарымен танысады. Сөздерге қосымшаларды жалғап оқиды.

Менің тіс + ім ауырады.

Оның тіс + і ауырады.

Менің бас+........ауырады.

Оның бас + ........ауырады.

Менің қол + .........ауырады.

Оның қол + ......... ауырады.

Менің аяқ + ым - аяғым ауырады.

Оның аяқ + ы - аяғы ауырады.

Менің құлақ + ......... ауырады.

Оның құлақ + .........ауырады.

Менің ........................ауырады.

Оның .......................... ауырады.

Дескриптор:

  • тәуелдік жалғауды дұрыс қолданады.

(Ө) «Оқы, біл». Оқушылар суреттерді сөздермен алмастырып мәтінді оқиды. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Бір күні Айдос көп кәмпит жейді. Айдостың ауырады. Айдос барады. емдейді. Енді Айдостың тісі ауырмайды.

Сұрақтар:

  • Айдоста не ауырады?
  • Айдос қайда барады?
  • Дәрігер не істейді?

Дескриптор:

  • мәтінді дұрыс оқиды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақтың соңы

3 мин

«Пайыздық көрсеткіш» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу