Менің денем-ақпараттық постерлер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі VIII бөлім: Дені саудың-жаны сау ТАҚЫРЫБЫ: Менің денем-ақпараттық постерлер | МЕКТЕП: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалім: Кушерова Л.К., Бердибаева А.М. | |||||||||||||||||
СЫНЫП: 1 КҮНІ: 12.05.2015 | ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: | ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: | ||||||||||||||||
ОҚУ МАҚСАТЫ: | А4 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып сөздер жазады. О1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. | |||||||||||||||||
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: |
| |||||||||||||||||
СӨЗДІК ҚОРЫ: | Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: бас, шаш, көз, қас, кірпік, мұрын, ауыз, құлақ, мойын, дене,оң қол, сол қол, саусақтар, оң аяқ, сол аяқ | |||||||||||||||||
Алдыңғы білімдер | Менің денем-идеяларды есте сақтау. | |||||||||||||||||
Жоспар | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздер | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Балалармен сәлемдесу. Оқушылар Ертеңгілік шеңберіне тұрып: «Бір үйде біз нешеуміз?» атты сергіту сәтінен сабақты бастайды. Бір үйде біз нешеуміз? Бас бармағым-әкем Балан үйрек-анам Ортан терек-ағам Кішкене бөбек-інім Шылдыр шүмек-мен Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз. | |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 10 минут 6 минут (әр топқа 2минут беріледі) 2 минут 2 минут 10 минут | Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. Бүгінгі сабақта біз топтарға бөлініп, дене мүшелері тақырыбына ақпараттық постерді ермексаздан жасаймыз. Ең алдымен топтарға бөлінеміз. Оқушылар суреттерден (құлақ, көз, ауыз) кесілген бөліктерін таңдап алады. Суретті жинақтау арқылы топтарға бөлінеді.
Топтық жұмыс. Топтық жұмысты орындамас бұрын оқушылар таныстырылымнан адамның дене мүшелерін қарап оқып, айтады. (Т)1-топ «құлақ» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның бас мүшелерін жасайды. 2-топ «көз» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның денесін, оң қол мен сол қолын, саусақтарын жасайды. 3-топ «ауыз» суретінің бөліктерін жинақтап, ермексаздан адамның оң аяқ, пен сол аяғын жасайды. Барлық топтар ермексаздан жасаған дене мүшелерін айта отырып, бір плакатқа жабыстырады, яғни ақпараттық постер жасайды. (біреуі басын, біреуі денесін, біреуі қолын, біреуі саусақтарын, біреуі аяқтарын, біреуі шашын, біреуі көзін, біреуі қасын, біреуі кірпігін, біреуі мұрнын, біреуі аузын, біреуі құлағын, біреуі мойнын) (Т.Қ) Әр топ постер бойынша дене мүшелерін атап шығу керек. Егерде топ мүшелері постердегі барлық ермексаздан жасалған дене мүшелерін атаса немесе 15 сөздің 12 сөзін дұрыс айтса, онда олардың тобы «жетті» деп бағалады. Егерде 9-10 сөзді атаса, онда «талпынды» деп бағаланады. Мысалы (оқушының берген коментарийі): Мынау адамның басы. Мынау адамның денесі. Мынау оң қол, мынау сол қол. Мынау саусақтар. Мынау оң аяқ, мынау сол аяқ. Мынау шашы. Мынау көзі. Мынау қасы. Мынау кірпігі. Мынау мұрны. Мынау аузы. Мынау құлағы. Мынау мойны. (МК) Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ-топ» Аяқпенен топ-топ-топ. Қолыменен хоп-хоп-хоп. Бір оңға, бір солға айналайын кел мұнда. Қолымызды бір сілтеп, басымызды шайқайық. Бір оңға, бір солға ойнайықшы кел мұнда. Секіреміз жоғары, қиын емес секіру. Бір оңға, бір солға секірейік кел мұнда. (2 рет) (Ұ) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Бұл әннің ішінде қандай дене мүшелерін айттық?» Оқушылар өздерінің бас, қол, аяқ мүшелерін көрсетеді. Өздік жұмыс. (Ө) Берілген әріптерден сөздер құрастырады. Құрастырған сөздерін буынға бөліп оқиды және неше буыннан тұратынын айтады. Сөздер: 1) С, А, Б; 2) Е, Н, Д, Е; 3) Л, О,Қ; т.б.(саусақтар, аяқ, шаш, көз, қас, кірпік, мұрын, ауыз, құлақ, мойын). Оқушының берген коментарийі: Мынау «бас» деген сөз. т.б Деңгейі жоғары оқушылар постер бойынша сұрақтар қояды. ҮЛГІ: Адамның қолында неше саусақтар бар? Адамның көзі қандай болады?т.б | Ермексаз, тақтайша, плакат, желім, суреттердің қиындысы Таныстырылымнан қарап жасауға болады. Аяқпенен топ-топ-топ.wmv https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA&list=PL4ut47AkW_1D8ya2GcrZnQz8pgTLYLbkL Әріптердің қиындысы | ||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Оқушыларға үш түрлі смайликтер ұсынылады: смайликтердің астына белгі қояды, әр оқушы өзін бағалайды. Қызыл смайлик – «Мен түсінбедім» Сары смайлик – «Мен жартылай түсіндім» Жасыл смайлик – «Мен бәрін түсіндім» | Әр оқушыға парақшаны үлестіріп беру | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар | ||||||||||||||||
Оқушылар бір – бірін саусақ пен алақан арқылы бағалайды.
| ||||||||||||||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдері. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?