Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - постер жасау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 4.05.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дені саудың – жаны сау

«Менің денем» - постер жасау (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

А 6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Т 3 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын таниды. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Кейбір оқушылар:

Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді/ ажыратады/ таниды. Қарапайым айтылымдарды еркін қайталайды.

Жетістік критерийлері

Айтылымды мұқият тыңдайды және қайталай алады.

Әдеби жанрларды таниды және ажырата алады.

 Сөздік қор

Көзбен көреді, қолмен ұстайды, аяқпен жүреді, мұрынмен иіс сезеді, құлақпен естиді, ауызбен тамақ ішеді.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Дене мүшелерінің атауларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) «Көңілді шеңбер».

Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақ ортасы

7 мин

15 мин

10 мин

) «Сөздер тізбегі». Оқушылар ертегіні жалғастырып айтады. Ең соңғы бала толық ертегіні оқушылардың айтқаны бойынша айтып шығады.

Ерте, ерте, ертеде ауыз, қол, мұрын, аяқ, құлақ, көз кездесті. Құлақ айтты:

  • Мен пайдалымын. Адам құлақпен естиді.
  • Жоқ, - деді көз, - мен пайдалымын. Адам көзбен көреді.
  • Жоқ, қол айтты. Мен адамға пайдалымын. Адам қолмен ұстайды.
  • Жоқ, мен пайдалымын, - деді ауыз. Адамда ауыз болмаса, тамақ іше аламайды. .........................................

) «Жұлдызды сәт» ойыны.

Дене мүшелері туралы құрастырған ертегілерін берілген критерийлер бойынша айтады. Өзара бағалайды.

  • Сөздерді дұрыс айту
  • Ертегіні толық, тез айту.

) «Мен білемін»

Мәтінді мұқият тыңдайды. Тыңдалым бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

  • Кімнің сөзі?

«Мен пайдалымын. Адам менімен жақсы естиді.»

  • шаш
  • құлақ
  • мұрын
  • Дұрыс/бұрысын тап.

Адам құлақпен жүреді.

Адам қолмен ұстайды.

Адам көзбен көреді.

Адам ауызбен иіс сезеді.

Адам мұрынмен естейді.

  • Бұл ертегі ме, өлең бе?

___________________________________________________

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу