Дені саудың – жаны сау «Менің денем» - (идеяларды есте сақтау) (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8

Күні: 3.05.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дені саудың – жаны сау

«Менің денем» - (идеяларды есте сақтау) (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т5 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтінді түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

Кейбір оқушылар:

Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді, еркін қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Мәтінді түсінгенін әр түрлі әрекеттермен (ппікір айту, сұрақ қою, қимыл арқылы) көрсете алады.

 Сөздік қор

Көзбен көреді, қолмен ұстайды, аяқпен жүреді, мұрынмен иіс сезеді, құлақпен естиді, ауызбен тамақ ішеді.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Дене мүшелерінің атауларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) «Көңілді шеңбер».

Шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе тақпақты айтады, қимылдар жасайды.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

Сабақ ортасы

7 мин

7 мин

10 мин

7 мин

) «Пантомима». Оқушылар сурет бойынша дене мүшелерінің қызметін қимылмен көрсетеді. Келесі оқушы көрсеткенді сөзбен айтады.

) «Дұрыс-бұрыс» ойыны. Оқушылар 2 топқа бөлініп, дене мүшелері мен олардың қызметі бойынша дұрыс және бұрыс сөйлемдер айтады. Келесі топ олардың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Үлгі: адам көзбен естиді (бұрыс)

(МК) «Шеңбер бойымен әңгімелеу» Оқушылар шеңберге тұрып, мұғаліммен бірлесе ертегіні айтады.

Ерте, ерте, ертеде ауыз, қол, мұрын, аяқ, құлақ, көз кездесті. Құлақ айтты:

  • Мен пайдалымын. Адам құлақпен естиді.
  • Жоқ, - деді көз, - мен пайдалымын. Адам көзбен көреді.

Осылайша ертегіні жалғастырып айтады. Соңында не болатынын ойластырады.

,Ө,Қ) Сахналық қойылым. Оқушылар рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналап қояды. (автор, қол, аяқ, ауыз, көз, құлақ, мұрын)

Сабақтың соңы

6 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу