Тамақ және сусын "Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7

Күні: 6.04.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тамақ және сусын

"Жеміс және көкөністер" жазылым (2-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады.

Ж2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

А6 Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Білетін әріптерді пайдалана отырып қарапайым сөздер құрайды.

Қарапайым айтылымдардың кейбірін қайталайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды қайталайды.

Кейбір оқушылар:

Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Қарапайым айтылымдарды өздігінен қайталайды.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алды.

 Сөздік қор

Жидек, құлпынай, таңқурай, қарбыз, қарақат, шие, дәмді, пайдалы, домалақ, ащы, жұмсақ, қатты.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жемістер мен көкөністерді ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК) «Сөздер тізбегі»

Мұғалім бірінші сөйлемді айтады. Оқушылар бірін-бірі тыңдай отырып, сөйлемдерді реттілікпен жалғастырып, тізбекті жалғастырулары керек.

Үлгі: Бұл- жидек. Ол қарақат. Оның түсі қара. Ол кішкентай, жұмсақ, дәмді, пайдалы. Мен қарақатты жақсы көремін.

Сабақ ортасы

8 мин

3 мин

10 мин

2 мин

7 мин

(Т) «Кім тапқыр?»

Оқушыларды өз заттары арқылы 3 топқа бөліп, әр топқа жемістер, жидектер, көкөністер жазылған әріптер мен суреттер беріледі. Оқушылар суретке сәйкес әріптерді жинақтап, сөздерді дұрыс құрастырулары керек. Әр топ кем дегенде жеміс-жидектердің 4-5 атауын жинақтайды.

Жемістер

Жидектер

Көкөністер

Алма

Құлпынай

Қияр

Алмұрт

Таңқурай

Орамжапырақ

Алхоры

Шие

Қызанақ

Шабдалы

Қарбыз

Қызылша

Өрік

Жүзім

Картоп

Анар

Мүкжидек

Сәбіз

Пияз

(МК) «Полюстер» кері байланыс.

Жасаған жұмыстарына кері байланыс жасайды.

  • Мен жидек туралы жалғастырып айта алдым.
  • Мен жеміс-жидектердің атауын жинақтай алдым.

(МК) «Бірлесіп жазу»

Оқушыларға сурет беріледі. Мұғалім жазушы қызметінде болады. Оқушылар суретте көргені туралы сөйлемдермен айтады. Мұғалім тақтаға жазып отырады. Жазылған шағын мәтінді оқушылар бірнеше рет оқып, мазмұндап айтады.

Бұл бақша. Қыз бақшаға келді. Ол қоянды көрді. Қоян сәбізді алды. Өйткені ол сәбізді жақсы көреді. Оның сәбізі үлкен, қызғылт сары. Ал қыз жидек жинады. Жидек дәмді, тәтті.

Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді.

(Ө) «Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға таңдауға екі сурет беріледі. Оқушылар суреттерді таңдай отырып, жұпта 3-4 сөйлем жазады. Жазу кезінде төмендегі критерийлер ескерілуі тиіс. Жұптар жазған жұмыстарын бір-біріне оқып, топтан үздік жұмысты таңдап, сынып алдында оқиды.

  • 3-4 сөйлем жаза алды.
  • Бас әріп пен нүктені дұрыс қойды.

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақтың соңы

5 мин

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

1 5 10

Бағалау критерийлері:

  • Мен жеміс-жидектердің атауын жинақтадым.
  • Сурет бойынша сөйлемдер жаздым.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа Сөйлемдерді берілген үлгіге негізделіп жазады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу