Тамақ және сусын Жемістер мен көкөністер (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім:

«Тағам және сусын»

Күні: 27 .03. 2017

Сынып: 1 «с»

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Аленова А.А. Рахимова Д.Ш.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тамақ және сусын

Жемістер мен көкөністер (1-сабақ).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3.1.1 сөздерді дауыстап тұтас оқу

1.2.6.1 қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялау

1.4.4.1 әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Сөздердің көбін дауыстап оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын мұғалімнің көмегімен артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

сөздерді дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, анық жазады.

Кейбір оқушылар:

Сөздердің барлығын дауыстап тұтас оқиды, қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс артикуляциялайды, әріптерді дұрыс байланыстырып, жазба әріптермен анық жазады.

Бағалау критерийлері

Сөздерді тұтас оқиды.

Қазақ тілінің төл дыбыстарын анық айта алады.Әріптерді дұрыс байланыстырып жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жеміс, көкөніс, алма, алмұрт, өрік, жүзім, шабдалы, анар, қызанақ, қияр, қызылша, сәбіз, орамжапырақ,

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

ІІІ тоқсанда өткен тақырыптарды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижемен таныстыру.

«Болжау» берілген суреттерді атап топқа бөлу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқушылар кезекпен шығып 1 қосымшада берілген суреттерді екі себетке бөліп салады да сабақтың тақырыбын болжайды.

(Оқушылар жемістер мен көкөністерді атайды. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Оқушылар атай алмаған жағдайда мұғалім өзі айтады.)

Сөздер

Сабақтың ортасы

5 минут

10 минут

10 минут

) «Кім шапшаң?» Жұпта жемістер мен көкөністердің атауын суретпен сәйкестендіреді және оларды сипаттайды. Тақтадағы тиісті себетке салады. (жемістер, көкөністер) ( төрт оқушыдан бөлінеді)

(Ж) «Жұбыңды тап!»

Сөздер мен суреттерді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінеді. Өз жұбының жемісін атап, сипаттайды. Тақтаға іліп қояды.

Мысалы: Мынау – алма. Ол жасыл, дәмді, қатты. Ол – жеміс.

Бағалау. Оқушылар бірін-бірі тыңдап, смайликтар арқылы бағалап отырады.

Сергіту сәті. Әуенге қосылып билеу.

  • (Ө) Дәптермен жұмыс. «Атауын анықта»
  • Слайдтан жемістер мен көкөністер көрсетіледі. Оқушылар олардың атауын дәптерлеріне жазады.
  • Қосымша тапсырма.

(Ө) Сәйкестендіру. Сурет пен атауын сәйкестендіреді.

Бағалау. Үлгіге қарап, өз жұмысын бағалайды.

Үлестірмелі материалы

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

(МК) «Балдық көрсеткіш» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру. (Whiteboard парақтарына өздеріне балл қояды)

1 балл 2 балл 3 балл

Бағалау критерийлері:

  • Мен жемістер мен көкөністерді дұрыс айттым;
  • Мен жемістер мен көкөністерді сипаттадым;
  • Мен жемістер мен көкөністердің атауын дұрыс жаздым.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу