Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегі кейіпкерлері. (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6

Күні: 10.03.2016

Сынып: 1

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні : Лепесбаева А.Т., Темирова Ж.А.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Ертегі кейіпкерлері. (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж 5 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.

Кейбір оқушылар:

Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданып, сөйлемнің аражігін басқа да тыныс белгілермен белгілей алады.

Жетістік критерийлері

Сөйлемдерді бас әріптен бастап жаза алады.

Нүкте қою арқылы қарапайым сөйлемдердің ара жігін ажырата алады.

 Сөздік қор

ақылды, мейірімді, қу, айлакер, көңілді, қорқақ, сүйкімді, ашулы, адал, еңбекқор, жаман кейіпкер.

 Құндылықтарды дарыту

Сыйластық, құрмет

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша сөйлемдер құрай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

) «Ойлан тап»

Кластерге білетін кейіпкерлердің атауларын жазады. Қай шығармадан алынғанын айтады. Қысқаша кейіпкердің жағымды/жағымсыз (жақсы/жаман) екенін айтады.

Сабақ ортасы

13 мин

2 мин

10 мин

5 мин

) «Бірлесіп жазу» әдісі.

Оқушылармен бірлесе бір кейіпкерді таңдап, сол туралы сипаттау сөздерін қолданып бірнеше жай сөйлем жазу. Кейіпкердің атын жазу. Бас әріп пен нүктеге назар аударту.

Мыстан кемпір.

Мыстан кемпір жаман кейіпкер. Ол адамдарға жамандық жасайды. Ол қу, ашулы. Оның тырнағы ұзын.

Осы үлгіні ұстанып әрбір оқушы алдына берілген кейіпкерлерді сипаттап жазады. Оны бояйды. Оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

Тірек сөздер: ақылды, мейірімді, қу, айлакер, көңілді, қорқақ, сүйкімді, ашулы, адал, еңбекқор.

(Ұ) Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап, билейді.

(Ө,Қ) «Жұлдызды сәт»

Кейіпкерлерін жұптарда бір-біріне таныстырады. Бағдаршам түстері арқылы бірін-бірі бағалайды. (Түрлі түсті қарындашпен белгі қояды).

Жасыл - өте жақсы

Сары - жақсы

Қызыл - орташа

(Ұ) Әдеби шеңбер

Оқушылар бояған және сипаттама берген кейіпкердің ұнағаны/ұнамағаны туралы шеңберде ойын дәлелдеп айтады.

Маған ...................... ұнайды, өйткені ....

Маған ................. ұнамайды, себебі ..............

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Сабақтың соңы

3 мин

(МК) «Бағдаршам» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға беру.

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – сұрақтарым бар

Жасыл түс – толық түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

оқушылар заттардың түстерін анықтап сөйлемде айта алады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушы сыныпта бар заттарды тізіп бір-екі сөйлем айтады.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу