Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2

«Алма» ертегісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.

1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

2.5 Медиа құралдар арқылы тіл дамыту.

1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша кейіпкерлерді атайды.

Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша ұнайтын/ұнамайтын себебін айта алады.

Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.

Жетістік критерийлері

Тыңдалым.

Тыңдалған материалдар бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады;

Қойылған сұрақтарға тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша жауап қайтара алады.

Айтылым.

Оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады;

Тыңдалған материалдарға қатысты өз көзқарасын дәлелдей алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Алма, кірпі, қоян, аю, қарға, секіру, домалау, құлау, өрмелеу, бөлу, бөлісу, тең бөлу, ренжу, ренжітпеу.

Құндылықтарды дарыту

Адал дос болуға, тату өмір сүруге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

«Алма» ертегісінің бейнежазбасы

Бастапқы білім

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

) «Түлкі мен бөдене» ертегісінің сюжетті суреттерін ретімен қойып қысқаша мазмұндау.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушылар «Алма» ертегісін көреді.

Мұғалім ертегі бойынша сұрақтар қояды:

  • Ертегі не туралы болды?
  • Кейіпкерлерін ата.
  • Олар неге таласты? Неге?
  • Кім оларға көмектесті?
  • Саған ертегі ұнады ма? Неге?

(Оқушылар сұрақтарға жауап бергеніне қарай ертегіні түсінгенін бағалайды.)

(МК) Ертегінің кардларын тоқтатып, оны дыбыстату, яғни оны түсінгенін сөзбен айтып береді. Жаңа сөздерді қолдану.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Күніміз жарық болсын,Аспанымыз ашық болсын.Деніміз сау болсын,Елімізде тыныштық болсын.

(Ұ,қ) Оқушылар әңгіменің қызықты бөлімдері бойынша салған суреттерімен алмасады. Бір-бірін бағалап, пікірлерін айтады.

Жетістік критерийі:

  • Тыңдалған материалдар бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады;
  • Қойылған сұрақтарға тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша жауап қайтара алады.
  • Оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады;
  • Тыңдалған материалдарға қатысты өз көзқарасын дәлелдей алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: фильмнің мазмұнын айтып беру.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: фильм туралы бір-екі ауыз сөз/тіркестер айту.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Бағдаршам» арқылы кері байланыс алу.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдау көрсету, мадақтау.

Қабілеті жоғары оқушылар ертегі бойынша пікірлерін айтады.

Оқушылар сұрақтарға жауап бергеніне қарай ертегіні түсінгенін бағалайды.

Оқушылар әңгіменің қызықты бөлімдері бойынша салған суреттерімен алмасады. Бір-бірін бағалап, пікірлерін айтады.

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

Адал дос болуға, тату өмір сүруге тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу