Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру. 1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. 2.5 Медиа құралдар арқылы тіл дамыту. 1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды. | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша кейіпкерлерді атайды. Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша ұнайтын/ұнамайтын себебін айта алады. Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды. | ||
Жетістік критерийлері | Тыңдалым. Тыңдалған материалдар бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады; Қойылған сұрақтарға тыңдалған мәтіннің мазмұны бойынша жауап қайтара алады. Айтылым. Оқиғаға қатысты өз ойын білдіре алады; Тыңдалған материалдарға қатысты өз көзқарасын дәлелдей алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Түлкі, тырна, қонақ, қонаққа шақыру, қонақты күту, дастархан, тамақ, құмыра, жайпақ тәрелке, құрметтеу, қадірлеу. | ||
Құндылықтарды дарыту | Үйге келген қонақты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=Z3pB7hGXJHM чилик мультфильм | ||
Бастапқы білім | Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері (Ұ) «Алма» ертегісінің мәтінін ретімен қойып оқу. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. |
| |
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушылар «Түлкі мен Тырна» ертегісін көрмес бұрын мұғалім олардан сұрайды:
(Оқушылар болжап айтады.) (Ұ) Ертегінің кадрларын тоқтатып ары қарай не болады деп сұрау. Оқушылар бұл ертегіні орыс тілінде білуі мүмкін, сондықтан қазақ тілінде айтуға тырысады. СЕРГІТУ СӘТІ. Күніміз жарық болсын,Аспанымыз ашық болсын.Деніміз сау болсын,Елімізде тыныштық болсын. (Қ) Деңгейі жоғары оқушылар ертегі мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Сол сұрақтарға басқа оқушылар жауап береді. Сұрақтар арқылы бағалау. Мысалы:
(Т) Оқушылар топтарға бөлініп рөлдік ойын ойнайды. Топтар бірін-бірі өз пікірлерін айтып бағалайды. Мысалы: Бізге топтың рөлдік ойыны ұнады/ұнамады, өйткені ... . Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: фильмнің мазмұнын айтып беру. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: фильм туралы бір-екі ауыз сөз/тіркестер айту. |
| |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Мен бүгін ... үйрендім. Маған ... қиын болды.
| ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Қолдау көрсету, мадақтау. Қабілеті жоғары оқушылар ертегі бойынша сұрақтар құрастырады. | Деңгейі жоғары оқушылар ертегі мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Сол сұрақтарға басқа оқушылар жауап береді. Сұрақтар арқылы бағалау. Оқушылар топтарға бөлініп рөлдік ойын ойнайды. Топтар бірін-бірі өз пікірлерін айтып бағалайды. | Сауат ашу сабағы Үйге келген қонақты қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?