Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, презентация.
Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сабаққа зер салайық,
Бәрін ұғып алайық!
Ертегілер.
«Шалқан» ертегісі
Мақсатым:
ертегіні оқимын, түсінемін.
Ерте, ерте, ертеде орманда бір үйшік тұрады. Үйшікке кішкентай тышқан келеді. Тышқан үйшікте өмір сүреді.
Үйшікке бақа келеді. Бақа сұрайды:
- Үйшікте кім бар?
- Мен кішкентай тышқанмын.
Тышқан және бақа үйшікте өмір сүреді.
Үйшікке қорқақ қоян келеді. Қоян сұрайды:
- Үйшікте кім бар?
- Мен кішкентай тышқанмын.
- Мен бақамын.
Тышқан, бақа және қоян үйшікте өмір сүреді.
Содан соң үйшікке қу түлкі келеді. Түлкі сұрайды:
- Үйшікте кім бар?
- Мен кішкентай тышқанмын.
- Мен бақамын.
- Мен қорқақ қоянмын.
Тышқан, бақа, қоян және түлкі үйшікте өмір сүреді.
Үйшікке сұр қасқыр келеді. Қасқыр сұрайды:
- Үйшікте кім бар?
- Мен кішкентай тышқанмын.
- Мен бақамын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен қу түлкімін.
Олар үйшікте бірге өмір сүреді.
Үйшікке аю келеді. Аю сұрайды:
- Үйшікте кім бар?
- Мен кішкентай тышқанмын.
- Мен бақамын.
- Мен қорқақ қоянмын.
- Мен қу түлкімін.
- Мен сұр қасқырмын.
Бірақ аю үйшікке сыймайды. Үйшікті сындырады. Достар жаңа, үлкен үйшік жасайды.
Қызыл түс – қиын болды.
Сары түс – аздап қиын болды.
Жасыл түс – жеңіл болды.
Бағдаршам
Жетістік баспалдағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?