Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру.

«Үйшік» ертегісі (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын толықтай түсінеді.

Бағалау критерийлері

Шағын мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Үйшік, бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, кішкентай тышқан, сұр қасқыр, бірге, сыймайды, сындырады, жаңа.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Бауырсақ» ертегісін мазмұндай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз.

Сабаққа зер салайық,

Бәрін ұғып алайық!

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

3 мин

7 мин

(МК) «Суреттер сөйлейді»

Оқушылар ұсынылған сурет бойынша өздері білетін сөздер мен сөз орамдарын ортаға салады. Жаңа сөздермен танысады. Жаңа сөздерді қолданып, сурет бойынша сөйлемдер құрастырып айтады.

Тапсырманың мақсаты – ертегі бойынша алғашқы түсінікті қалыптастыру.

(Ұ) «Мен білемін»

Оқушылар «Үйшік» ертегісі бойынша берілген суреттерге қатысты сөйлемдер айтады. Мұғалімнің түпнұсқасымен салыстырады.

(Ө) «Ойлан, тап».

Оқушылар ертегі желісі бойынша берілген суреттерге сәйкес келетін сөйлемдерді анықтайды. Жұпта бір-бірін тексереді. Ертегіні мәнерлеп оқиды.

Ерте-ерте, ертеде орманда бір үйшік тұрады. Үйшікке кішкентай тышқан келеді. Тышқан үйшікте өмір сүреді.

Үйшікке бақа келеді. Бақа сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен кішкентай тышқанмын.

Тышқан және бақа үйшікте өмір сүреді.

Үйшікке қорқақ қоян келеді. Қоян сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен кішкентай тышқанмын.

- Мен бақамын.

Тышқан, бақа және қоян үйшікте өмір сүреді.

Содан соң үйшікке қу түлкі келеді. Түлкі сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен кішкентай тышқанмын.

- Мен бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын.

Тышқан, бақа, қоян және түлкі үйшікте өмір сүреді.

Үйшікке сұр қасқыр келеді. Қасқыр сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен кішкентай тышқанмын.

- Мен бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын.

- Мен қу түлкімін.

Олар үйшікте бірге өмір сүреді.

Үйшікке аю келеді. Аю сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен кішкентай тышқанмын.

- Мен бақамын.

- Мен қорқақ қоянмын.

- Мен қу түлкімін.

- Мен сұр қасқырмын.

Бірақ аю үйшікке сыймайды. Үйшікті сындырады. Достар жаңа, үлкен үйшік жасайды.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Қызыл түс – қиын болды.

Сары түс – аздап қиын болды.

Жасыл түс – жеңіл болды.

) Сауаттылық сәті.

Оқушылар ертегі кейіпкерлерін бірлесіп жазады. Төл дыбыстардың жазылуына назар аударылады.

  • тышқан
  • бақа
  • қоян
  • түлкі
  • қасқыр
  • аю

Дескриптор:

  • сөздерді сауатты жазады.

Сабақтың соңы

3 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу