Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (3-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні:

Сынып:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ертегілер – қысқа фильмдерді көру.

«Үйшік» ертегісі (3-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну

1.2.4.1 фото/ сурет/ қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды

Көптеген оқушылар шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды

Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша еркін мазмұндайды

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі сөздерді түсінеді.

Сурет бойынша мазмұндайды.

Тілдік мақсаттар

Үйшік, бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, кішкентай тышқан, сұр қасқыр, бірге, сыймайды, сындырады, жаңа.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Үйшік» ертегісін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Қызығушылықты ояту.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз.

Сабаққа зер салайық,

Бәрін ұғып алайық!

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

7 мин

3 мин

7 мин

(МК) «Аяқталмаған сөйлемдер»

Оқушылар «Үйшік» ертегісі бойынша берілген сөйлемдерді толықтырып айтады.

Тапсырманың мақсаты – ертегі мазмұнын, сөздер мен сөз орамдарын еске түсіру.

Ертеде орманда бір............ .

Үйшікке бақа ................... .

Қоян сұрайды: .................................

Мен ................ қоянмын.

Тышқан, бақа және қоян үйшікте .......... .

Аю үйшікті ................................

Достар ........... , ............. үйшік жасайды.

(Ұ) «Ішкі, сыртқы шеңбер»

Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ішкі шеңбер болады, екінші топ сыртқы шеңбер болады. «Үйшік» ертегісі бойынша алдымен ішкі шеңбер сөйлейді. Сыртқы шеңбер тыңдайды. Содан соң ауысып отырады.

Бір-бірін бағалайды.

(Ж) «Мен білемін»

Берілген сөйлемдерді оқи отырып, реттілігін номер қою арқылы анықтады.

Тышқан және бақа үйшікте өмір сүреді.

Үйшікке кішкентай тышқан келеді.

Ертеде орманда бір үйшік тұрады.

Бақа сұрайды: «Үйшікте кім бар?»

Достар жаңа, үлкен үйшік жасайды.

Аю үйшікке сыймайды.

Мен қорқақ қоянмын.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Қызыл түс – қиын болды.

Сары түс – аздап қиын болды.

Жасыл түс – жеңіл болды.

) Сауаттылық сәті.

Сөйлемдерді оқып, берілген сөздердің орнын дұрыс тауып, сауатты жазады.

Үйшікке .......... келеді. Аю сұрайды:

- Үйшікте кім бар?

- Мен ......................... тышқанмын.

- Мен бақамын.

- Мен қорқақ .................. .

- Мен ......... түлкімін.

- Мен ................. қасқырмын.

Бірақ аю үйшікке .................... Үйшікті сындырады. Достар........................, үлкен үйшік жасайды.

Қажет сөздер: сыймайды, қу, кішкентай, қоянмын, сұр, аю, жаңа.

Дескриптор:

  • сөздерді дұрыс қолданады;
  • сауатты жазады.

Сабақтың соңы

3 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу