Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні: 9.03.2018 Сынып: 1 С | Мектеп: Көкшетау қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Темирова Ж.А., Лепесбаева А.Т. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. «Үйшік» ертегісі (4-сабақ) | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну 1.2.4.1 фото/ сурет/ қуыршақтарды қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды Көптеген оқушылар шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша мазмұндайды Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді, сурет қолданып, шағын мәтінді үлгі бойынша еркін мазмұндайды | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтіндегі сөздерді түсінеді. Сурет бойынша мазмұндайды. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Үйшік, бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, кішкентай тышқан, сұр қасқыр, бірге, сыймайды, сындырады, жаңа. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |||||||||||
Бастапқы білім | «Үйшік» ертегісін біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | (МК) Қызығушылықты ояту. Жақсы оқып сабақты Әдеп сақтау сәніміз. Сабаққа зер салайық, Бәрін ұғып алайық! Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 7 мин 10 мин 3 мин 7 мин 7 мин | (МК) «Жұлдызды сәт» Оқушылар «Үйшік» ертегісін суретті қолданып, мазмұндайды.
(Т) «Карусель» ойыны Оқушылар өздерінің заттары арқылы үш топқа бөлінеді. Әр топ белгіленген уақыт ішінде «Үйшік» ертегісі бойынша барлық сөздерді жазады. Бірақ әр топ сөздерді белгілі бір сұрақ негізінде жазады. Белгіленген уақыттан кейін топтар орындарымен ауысып, жұмысты жалғастырады. Тапсырманы орындап болған соң әр топ суретке қатысты сөздерді таныстырып, дұрыстығын тексереді. Тапсырманың мақсаты – сұрақтар арқылы сөздерді саралай алу қабілетін дамыту.
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Қызыл түс – қиын болды. Сары түс – аздап қиын болды. Жасыл түс – жеңіл болды. (МК) «5 жолды өлең» Мұғалімнің көмегімен берілген форманы қолданып, сұрақтарға жауап жазу арқылы бір кейіпкерді сипаттап айтады.
(Ж) «Мен білемін» Оқушылар кездейсоқ түскен суретті қолданып, сөздерді орынды қолданып, кейіпкерді сипаттайды.
Дескриптор:
| |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды. | |||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?