Жыл басына таласқан хайуанаттар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Талдықорған қаласындағы

физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Г.Т.Жакупова, А.Н.Баримбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну.

1.1.5.1 Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдау-көру материалының мазмұнын түсінеді, түсінгенін қимыл-қозғалыс арқылы білдіреді.

Көптеген оқушылар: көріп тыңдаған материал бойынша сұрақтар қояды, түсінгенін қысқа жауап арқылы білдіреді.

Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, суреттер арқылы ертегінің мазмұнын айтады.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдалым материалының мазмұнын түсіне алады;
  • Мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
  • Түсінгенін қимыл-қозғалыс, қысқа жауап арқылы білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: жылдың басы, талас, таласыпты, хайуанаттар, пайдалы, қулық, бәрінен бұрын, құр қалыпты.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бқл не? Ол қандай хайуанат?

Оның адамға пайдасы қандай?

Құндылықтарды дарыту

Ертегілерді нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты дарыту;

Бір-бірін тыңдай білуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Ертегілер әлемінде

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өту.

«Шаттық шеңбер» құрып, оқушылар өздері оқыған ертегілер мен кейіпкерлер туралы айтады.

Сөздік: ертегі, кейіпкер, мейірімді, ақылды, жағымды, пайдалы, т.б.

Сен қандай ертегі оқыдың (білесің)?

Оның бас кейіпкері кім (не)?

Ол қандай?

Сабақтың ортасы

7 минут

7 минут

3 минуты

15 минут

Тыңдалымалды тапсырма.

Оқулықпен жұмыс: 64 бет.

– Қандай хайуанаттарды көріп тұрсыңдар? (тышқан, түйе, қой, сиыр, ит, жылқы, барыс, әтеш (тауық), т.б.)

– Олар (ол) қандай?

– Бұл жануарлар – «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегінің кейіпкерлері.

Оқушылар ертегі кейіпкерлерін сипаттайды, жаңа сөздермен танысады: жылдың басы, талас, таласыпты, хайуанаттар, пайдалы, қулық, бәрінен бұрын, құр қалыпты.

Тыңдалым

«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегіні көреді, сұрақтарға жауап береді. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар слайдтарды пайдаланып ертегі мазмұнын айтады.

– Ертегі қалай басталады?

– Хайуанаттар өздері туралы не айтады?

– Түйе неге жыл басы бола алмады?

Бағалау критерийі:

  • Тыңдалым материалының мазмұнын түсіне алады;
  • Мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады;
  • Түсінгенін қимыл-қозғалыс, қысқа жауап арқылы білдіреді.

Сергіту сәтін жүргізу.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

1-тапсырма. Сөйлемдердің ретін анықта.

  • Ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.
  • Жылды бірінші болып тышқан көреді.
  • Жануарлардың барлығы жыл басы болғысы келді.
  • Түйе бойына сеніп құр қалады.
  • Тышқан түйенің өркешіне шығып отырады.
  • Хайуандар жылдың басы болуға таласыпты.

2-тапсырма. Сұраққа жауабыңды жаз.

Қандай жануар жыл басы болады? ...................................................................................

3-тапсырма. Жануарларды атап жаз.

4-тапсырма. Cуреттер мен сөйлемдерді сәйкестендір.

Адам егін егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын.

Мен алыс жерлерге барамын, шөлде жүре беремін.

Жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Мен алысты жақын қыламын. Сүтімнен қымыз жасайды.

Мен үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі.

https://www.youtube.com/watch?v=KyB4-0OMsCs

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында түрлі смайликтер арқылы рефлексия жүргізіледі.

Үйге тапсырма: «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу