Аңдар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі (екінші)

Бөлім: Бізді қоршаған орта

ТАҚЫРЫБЫ: Аңдар

МЕКТЕП: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалім: Қалиева Қ.Қ., Лепесбаева А.Т.

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ:

Т 1 Сөзді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.

Ж 4 Дыбыстар мен әріптер арасындағы байланысты біледі, жазуда саналы түрде ескеріп отырады.

О 1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

САБАҚ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар:

Орманда мекендейтін жануарларды тани алады. Атауларын емлелік жағынан дұрыс жаза алады. Буынға дұрыс бөліп, оқи алады.

Оқушылардың көбі:

Аңдардың атауларын қайталап айтып, жаза алады. Суретті мәтінді құрастырып, оқи алады. Диалогқа қатысып сөйлей алады.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтінде не туралы айтылғанды түсініп, қысқаша өз сөзімен айта алады.

 СӨЗДІК ҚОР:

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: арыстан, жолбарыс, ақ аю, қоңыр аю, қасқыр, тиін, қоян, кірпі, түлкі, піл , маймыл, аңдар.

Алдыңғы білімдер

Үй жануарлары

Жоспар

Іс-әрекет кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбер

Көжектерім тұрыңдар,

(іс – қимылмен көрсету)

Беттеріңді жуындар,

Айнаға қараңдар.

Шаштарыңды тараңдар.

(МК) Сахналау.

Мұғалім аңдардың суретін немесе ойыншықтарды қолданып, оқушыларға сахналай аңдарды таныстырады. Мұғалім таныстырған үлгі бойынша оқушылар да әр түрлі аңдардың атауларын таныстырады.

Аудиожазба

Сабақтың ортасы

(Т) Аңдармен танысу. Берілген суреттерге қарап жазылған атауларын сәйкестендіреді. Суреттер мен атаулары бар карточкаларды пайдалану. Көптік жалғауды қолданып айту.

Арыстан-арыстандар

Жолбарыс-жолбарыстар

Ақ аю-ақ аюлар

Қоңыр аю-қоңыр аюлар

Қасқыр-қасқырлар

Тиін-тиіндер

Қоян-қояндар

Кірпі-кірпілер

Түлкі-түлкілер

Піл-пілдер

Маймыл-маймылдар

(Ұ) Бірлесе оқу әдісі арқылы буындарды қосып оқу.

Жол – ба – рыс, қас- қыр, түл – кі, кір- пі, қон- жық, арыс- тан, қо- ян, бұ- ғы, су- сиыр.

(МК) Бейнежазбаны қарап, қандай аңдарды таныды. Олар аз ба, көп пе екенін анықтау.

(Ж) Диалогта сөйлеу.

Үлгі:

  • Арман, сен қандай аңдарды білесің?
  • Аю, піл, арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі.
  • Арман, аю қайда болады?
  • Аю орманда болады.
  • Піл қандай?
  • Піл үлкен, күшті.
  • Қоян қандай?
  • Қоян кішкентай, қорқақ.

(Ұ) Сергіту сәті. Іс қимылмен көрсетіп, айту.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Себетке біз салайық.

,қ) Сөйлемдерді суретпен байланыстырып оқу.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар суреттер берілген жануарларды сипаттап мәтінді толықтырады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалімнің берген тірек сөздеріне сүйеніп мәтінді оқиды.

Қабылдау деңгейі төмен оқушылар суреттердің атауларын сөйлеммен байланыстырып оқиды.

Орманда , , жүр. , , - үлкен аңдар. , - кішкентай аңдар.

(МК) Бірлесе жазу әдісі арқылы мұғалім бірінші үлгісін оқушылардың айтуымен жазады. Келесіні оқушылар жалғастырып, толықтырып отырады.

Ашулы арыстан, қорқақ қоян, қу түлкі, аңқау аю, ала жолбарыс, аш қасқыр.

Аңдардың суреттері

https://www.youtube.com/watch?v=vk3hvmGyvAM

Сабақтың соңы

«Пайыздық көрсеткіш» арқылы оқушылар бүгінгі сабақта не қиын болды, не жеңіл болғандары туралы айтып өтеді.Қабырғада тұрған пайыздық көрсеткіштерге тұрып, өз деңгейлерін көрсетеді.

25 %, 50%, 75 %, 100%.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздікАКТҚұндылықтар

  • Аңдарды сипаттап айта алады.
  • Көптік жалғауды қолдана алады.

Өзара бағалау;

Қалыптастырушы бағалау

  • Дене шынықтыру, дүниетану
  • Бейнематериалды тыңдату
  • Ынтымақтастық, табиғатты аялау

Бақылау

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері:

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті кезең:

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу