Үй жануарлары №3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім: Бізді қоршаған орта | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Үй жануарлары №3 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1 Зейін қойып тыңдау 1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. 1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну 1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, дұрыс қабылдайды. Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды. . Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және суреттен көрсетеді. | ||
Жетістік критерийлері | Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады. Сөйлем құрастыруда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Үй құстары: әтеш, тауық, үйрек, балапан, қаз, мамыр, күркетауық. Үй жануарлары: сиыр, бұзау, бие, құлын, түйе, бота, қой қозы, ешкі, лақ. | ||
Құндылықтарды дарыту | Үй жануарларына қамқоршы болуға үйрету. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=da2S81YLdB0 Үй жануарлары мен құстары - Domesticated Animals | ||
Бастапқы білім | Үй жануарлары №1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы | Ертеңгілік шеңбері Тақтадағы таныстырылымға қарап отырып, Мынау не? деген сұраққа жауап береді. Оқушыларға доп лақтыру арқылы үй құстарын қайталау. (Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. «Мен анық сөйлеу арқылы, мәселені жақсы және дұрыс түсінгенімді көрсете аламын» | Таныстырылым доп | |
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушылар сигналды карточкалар ретінде үй жануарларының суреттері беріледі. Мұғалім үй жануарларын айтқан кезде олар сол суретті көтереді. Мұғалім оқушыларды бақылай отырып, өзінің журналына түртіп алады. СЕРГІТУ СӘТІ. Амансың ба, ботақан?! Амансың ба, құлыным?! Амансың ба, қошақан?! Ботақандай маң басып, Құлыншақтай жүгіріп, Қошақандай секіріп, Қолымыздан ұстайық. (ЖЖ) Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Плакатқа үй құстары мен үй жануарларының суреттерін жіктеп, желімдейді. Оқушыларға үй жануарлары мен үй құсарының аттары жазылған сөздер беріледі сол сөздерді суреттердің астына желімдейді. (Ж) Оқушылар жұптасып, өз жануарларын сипаттайтын сөйлем құруға тырысады. Жетістік критерийі:
Дифференциация: Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: жануарларын қалай күтетіні туралы айтып береді. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: жануарлардың үлгі бойынша аттарын атайды, сипаттайды. | Үй жануарларының суреттері Плакат, желім, сөздер | |
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия
| ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар жануарларын қалай күтетіні туралы айтып береді.
| Оқушылар жұптасып, өз жануарларын сипаттайтын сөйлем құруға тырысады. | Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы Үй жануарларына қамқоршы болуға үйрету. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?