Үй жануарлары №4. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Бізді қоршаған орта

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Үй жануарлары №4

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Зейін қойып оқу

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді.

4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу

1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және мағынасын түсінеді. Қарапайым тілмен жазады.

Көбі: Таныс сөздерді мағынасын түсініп, қажетті сөздермен тіркестендіре алады. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Кейбірі: Таныс сөздердмен қарапайым сөйлемдер құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Құндылықтарды дарыту

Үй жануарларына қамқоршы болуға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Санау әні | Counting song | Учимся считать [Torghai-TV]

https://www.youtube.com/watch?v=C336t_dqsgs

Бастапқы білім

Үй жануарлары №3

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбері

Оқушылармен санау әні арқылы сандарды қайталау.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Мен қарапайым, түсінікті тілмен жаза аламын»

Санау әні | Counting song | Учимся считать [Torghai-TV]

https://www.youtube.com/watch?v=C336t_dqsgs

Сабақтың ортасы

(МК) Мәтінмен жұмыс. Керекті сандар мен сөздерді қойып жаз.

 Бұл - біздің үй. Біздің үйде екі жылқы, үш сиыр, он қой, алты ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты – Тарзан. Мысықтың атты – Барсик. Мен үй жануарларын жақсы көремін.

 Бұл - біздің үй. Біздің үйде ________________ жылқы, _________________сиыр, _____________қой, ________________ешкі бар. Менің итім мен мысығым бар. Иттің аты –___________________.

Мысықтың атты –______________________.

Мен үй жануарларын жақсы көремін.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Амансың ба, ботақан?!

Амансың ба, құлыным?!

Амансың ба, қошақан?!

Ботақандай маң басып,

Құлыншақтай жүгіріп,

Қошақандай секіріп,

Қолымыздан ұстайық.

Жетістік критерийі:

  • Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.
  • Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдана отырып, өздігінен қарапайым сөйлемдер құрап жаза алады.

Қерек сөздерді орнына қойып жазу.

Бейнелеу өнері, сауат ашу сабағы

Үй жануарларына қамқоршы болуға үйрету.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу