Жыртқыш аңдар және үй жануарлары. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән:қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім:

«Бізді қоршаған әлем»

Күні:

Сынып: 1 «с»

Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Аленова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жыртқыш аңдар және үй жануарлары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1 Сөздік қорды толықтыру

4.4 Каллиграфиялық нормаларды сақтау

Сабақ мақсаты

1.2.1.1 аңдарды атайды және сипаттайды

1.4.4.1 әріптерді дұрыс байланыстырып жазады

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

Мұғалімнің қолдауымен сөздерді және сөз тіркестерін

қайталап айта алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Жануарларды таниды және сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

  • 1-2 сөйлемнен әңгіме құрастырады, сұрақ қояды.

Бағалау критерийлері

Дұрыс анық жаза алады;

Дала және үй жануарларын ажырата алады;

Жануарларды сипаттай алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Жыртқыш, епсіз, қорқақ, қу, кішкентай, орманды өмір сүреді, үй жануары.

Диалог және айтылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Ол қандай? Ол қайда өмір сүреді?

Құндылықтарды дарыту

  • Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
  • Ынтымақтастық;
  • Отбасы мүшелеріне деген құрмет.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса отырып жұмыс жасаулары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

«Бізді қоршаған әлем» бөлімінде алған білімдерін дүниетану пәнінде қолдана алады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Үй жән дала жануарларын жекеше және көпше түрде атай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

10 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақта орындалатын тапсырмалармен және «жетістік баспалдағымен таныстыру.

Қызығушылығын ояту. «Шеңбердегі әңгіме»

Оқушылар бір суретті таңдап алады да, шеңбер құрып тұрады.

Бірінші оқушыға мүғалім сұрақ қояды.

Ол не? Ол қандай? Оқушы суреттегі жануарды атайды және сипаттайды. Келесі оқушыға сұрақ қояды. Оқушы жауап береді. Осылайшы оқушылар шеңберде алдыңғы сабақты меңгерген сөздерді қайталайды.

Өзіндік бағалау.

Оқушылар орындарына отырған соң бағалау парағында өзінің жұмысын бағалайды.

Жануарларды білемін

Сипаттай алдым

Слайд

Сабақтың ортасы

10 минут

3 минут

2 минут

5 минут

(Ө) жазылым. Берілген үй жануарлары мен аңдарды екі топқа бөліп жазу.

Қоян, қой, мысық, құлын, сиыр, аю, күшік, бұзау, түйе, бота, түлкі, ешкі, қозы, қасқыр, жылқы, ешкі, лақ, марғау, ит

Үй жануарлары:_______________________________

Дала жануарлары:_____________________________

Өзіндік бағалау. Үлгіге қарап өз жұмыстарын тексереді және бағалайды.

Жануарларды дұрыс топтадым. 2 балл

Сөздерді қатесіз жаздым. 2 балл

Сергіту сәті: Әуенге қосылып билейді.

Топтық жұмыс.

(Барлық оқушыларға сөйлеп шығуға уақыт жету үшін әр топта үш оқушыдан бөлінеді)

Айтылым. Оқушылар суреттер бойынша әңгіме құрастырады.

Білемін, білмеймін, ұнайды, ұнамайды ұғымдары енгізіледі.

Мысалы.

Мен қоянды білемін. Ол – қорқақ, кішкентай.

Қоян орманда өмір сүреді. Маған қоян ұнайды.

үлестір

мелі матери

ал

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

5 минут

«Жетістік баспалдағы»

Мен аңдарды сипаттадым. 2 балл

Мен жануарларды дұрыс топтадым. 2балл

Мен сөздерді қатесіз жаздым. 2 балл

Мен әңгіме құрастырдым. 2 балл

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу