Мектеп күні (4-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 Күні:

Сынып: 1 С

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мектеп күні (4-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдайды.

Көптеген оқушылар тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдайды.

Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар өздігінен таңдайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтін бойынша сәйкес суретті таңдайды.

Тілдік мақсаттар

Асхана, спортзал, кітапхана, сынып, сабақ оқимын, жазамын, ойнаймын, жүгіремін, тамақ ішемін, кітап оқимын.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Мектептегі бір күні туралы айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(МК) Ертеңгілік шеңбер

Күндей боп күлеміз (бір – біріне күлімдеп қарайды)

Гүлдей боп өсеміз (қолдарын жоғары созады)

Құстай боп ұшамыз (екі қолын екі жаққа созады)

Көбелектей қонамыз (орындарына отырады)

Сабақтың ортасы

5 мин

8 мин

2 мин

7 мин

5 мин

7мин

(МК) «Ойлан, тап»

Оқушылар берілген сөздерді қолданып, қарапайым сөйлемдерін айтады. Бірінші үлгісін мұғалім ұсынады.

Үлгі:

Сурет

Мен мектепте сурет саламын.

  • Кітап
  • Жазамын
  • Үй
  • Бояймын
  • Кітапхана
  • Үзіліс
  • Барамын
  • Асхана
  • Қалам
  • Сынып
  • Ойнаймын
  • Қайшы

(Ұ) «Сұрақтар мен жауаптар»

Презентациямен жұмыс жасайды. Берілген суреттерге қарайды. Мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді.

  • Бұл не?
  • Бұл – асхана.
  • Асханада не істейсің?
  • Асханада тамақ ішемін.
  • Бұл не?
  • Бұл – спорт зал.
  • Спорт залда не істейсің?
  • Спорт залда ойнаймын/ жүгіремін/ доп ойнаймын.
  • Бұл не?
  • Бұл – сынып.
  • Сыныпта не істейсің?
  • Сыныпта дәптерге жазамын/ сабақ оқимын.
  • Бұл не?
  • Бұл – кітапхана.
  • Кітапханада не істейсің?
  • Кітапханада кітап оқимын.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай балалар, үп-үлкен боп өседі.

(Ө) «Сыңарын тап»

Берілген суреттерге сәйкес келетін сөздер мен сөз тіркестерін табады.

жүгіремін, ойнаймын.

тамақ ішемін.

кітап оқимын, кітап аламын.

сабақ оқимын.

(Ө) «Тыңда, орында»

Оқушылар берілген мәтінді тыңдап, реттілігін санмен жазады.

Менің сыныбым үлкен және жарық. Сыныпта терезе, орындық, парта, тақта бар. Мен сыныпта сабақ оқимын.

Мектепте үлкен спорт зал бар. Мен спорт залда жүгіремін. Доппен ойнаймын.

Мектепте асхана бар. Асханада тамақ ішемін.

Мектеп кітапханасында кітаптар көп. Мен кітапханадан кітап аламын. Кітап оқимын.

(Ж) «Кел, сөйлесейік»

Оқушылар суреттер бойынша мектептері туралы бір-біріне бірнеше айтады.

Дескриптор:

  • Суретті дұрыс сипаттайды.

Сабақтың соңы

3 мин

Смайликтер арқылы сабақтағы жұмысына қорытынды жасайды.

- өте жақсы

- жақсы

- қиын болды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу