Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзім жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім. Менің мектебім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К. | ||
Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақтың тақырыбы | Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №1 | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Сөздердің және сөз тіркестерінің мағынасын түсіну. 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді. 3.1 Зейін қойып оқу. 1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді | ||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді. Сол сөздерді сөйлемде қолдана алады. | ||
Жетістік критерийлері | Таныс сөздердің мағынасын түсінгендігін суретпен/сөйлеммен/іс-қимылмен көрсете алады. Таныс сөздерді буынға бөліп оқи алады және сөздердің мағынасын түсінгенің сурет арқылы көрсете алады. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: абайла, қауіпті, қолыңды жу, айналып өт, орындықды орынына қой, сөмкеңді көтер, қайшыны қорабына сал, сыныпта жүгірме, бір-біріңді итерме. | ||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. | ||
Пәнаралық байланыс | Бейнелеу өнері сабағы | ||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым | ||
Бастапқы білім | Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №1 | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 5 минут | Ертеңгілік шеңбері Сынып бөлмесінің сызбасы бойынша оқушыларға сұрақ қойылады.
(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) «Мен күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінемін» Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту. | ||
Сабақтың ортасы 8 минут 1 минут | Таныстырылыммен жұмыс. Мысалы: абайла, қауіпті, қолыңды жу, айналып өт, орындықды орынына қой, сөмкеңді көтер, қайшыны қорабына сал, сыныпта жүгірме, бір-біріңді итерме. (Ж) Оқушылар өз жұптарымен сынып бөлмесінде қауіпсіздікті сақтау жолдарын талқылайды. СЕРГІТУ СӘТІ. Орнымыздан тұрайық Қолымызды жаяйық. Қарлығашқа ұқсайық Ұшып, ұшып алайық. (Ө) Оқушылар сынып бөлмесінде қауіпсіздікті қалай сақтауға байланысты алты сурет салады. Жұмыстарын қорғау. (Ұ, Қ) Өз жұмыстарын сыныпқа көрсететін, сипаттайтын оқушыларды таңдау, ал басқа оқушылар тыңдайды және пікірлерін айтады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: қауіпсіздікке қатысты суреттерін жай сөйлемдермен сипаттайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: суреттерді сипаттау үшін тірек сөздерді қолданады. Жетістік критерийі:
| ||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Менің көңіл – күйім
Жауынды күн сияқты | ||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие) | |
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар қауіпсіздікке қатысты суреттерін жай сөйлемдермен сипаттайды. | Өз жұмыстарын сыныпқа көрсететін, сипаттайтын оқушыларды таңдау, ал басқа оқушылар тыңдайды және пікірлерін айтады. | Бейнелеу өнері сабағы Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?