Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар.№2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар.№2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Тыңдалған және оқылған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.

1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.

3.2 Мәтін түрі мен стилін анықтау.

1.3.2.1 Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Тыңдаған дыбыстарды түсінеді. Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

Көбі: Тыңдаған дыбыстарды түсінеді, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі.

Кейбірі: Тыңдаған дыбыстарды түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар қимыл арқылы немесе сөйлем құрастырып айта алады. Мәтіннің мағынасын түсіну үшін сұрақтарға жауап береді.

Жетістік критерийлері

Тыңдалған материалдарды түсінгендігін нақты әрекеттермен (сұрақ, қимыл, пікір арқылы) көрсете алады.

Берілген сөйлемдерді немесе қысқа мәтіндерді дауыстап, дұрыс оқи алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

мұғалім түсіндіреді, оқушылар сөйлеседі, есікті қағу, кілттің сылдыры, қайшының шықылы, қайшымен қағаз қию, қаламмен жазу, қоңыраудың сылдыры, тақтаға бормен жазу, терезенің сынуы.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Әр түрлі дыбыстар туралы бейнежазбалар

Бастапқы білім

Сынып бөлмесіне қатысты дыбыстар.№1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ертеңгілік шеңбері

Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады.

Мұғалім оқушыларға суреттер көрсетеді. Оқушылар өткен сабақтағы сөздерді, сөз тіркестерді, сөйлемдіерді суреттерге қарап, естеріне түсіріп айтады. (Осы тапсырмада дифференцация байқалады, себебі оқушылардың жауаптары түрлі болуы мүмкін)

МЫСАЛЫ: парта шиқылдайды, есік ашылады, сағат тықылдайды. Сыныпта парта, орындық шиқылдайды. Бөлменің есігі ашылады. Есік тарсылдайды. Сағат тықылдайды.Қарындыш шықылы. Қағаз сытыры естіледі.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен тыңдаған дыбысты түсінемін, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіре аламын»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

2 минут

5 минут

6 минут

(Ұ) Оқушылар бейнежазбадағы дыбыстарды тыңдап, нелердің дыбысы екенін айтады.

Мысалы: есікті қағу, кілттің сылдыры, қайшымен қағаз қию, қаламмен жазу, қоңыраудың сылдыры, тақтаға бормен жазу, терезенің сынуы.

(МК) Мұғалім олардың айтқандарын тақтаға жазады.

Мұғалім естіген дыбыстарды тыңдап, дыбыстауларын сұрайды.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Естілген дыбыстар бойынша құрылған ұйқастарды(өлеңді) сергіту сәтінде қолданамыз.

Балалардың сөйлеуі, гу-гу-гуЕсіктің қағуы, тақ-тақ-тақКілттің сылдыры, шык-шык-шықҚаламмен жазуы, тықыл-тықылҚоңыраудың сылдыры, шылдыр-шылдыр

(Ж) Әртүрлі пішіндегі өлеңдер. Оқушылар мұғалім жазған сөздермен, сөз тіркестерін әртүрлі суреттер бейнесінде жазады.

Жазғандарын оқиды.

Жетістік критерийі:

  • Тыңдалған материалдарды түсінгендігін нақты әрекеттермен (сұрақ, қимыл, пікір арқылы) көрсете алады.
  • Берілген сөйлемдерді немесе қысқа мәтіндерді дауыстап, дұрыс оқи алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: өзіне таныс бір немесе екі сөзді қосады.

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: үлгіден бір немесе екі сөз орамын айтуына болады.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Буратиноның кілті – «түсіндім»

Мектеп қоңырауы – «жартылай түсіндім»

Қайшы –«түсінбедім»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар өзіне таныс бір немесе екі сөзді қосады.

Оқушылар бейнежазбадағы дыбыстарды тыңдап, нелердің дыбысы екенін айтады.

Мысалы: есікті қағу, кілттің сылдыры, қайшымен қағаз қию, қаламмен жазу, қоңыраудың сылдыры, тақтаға бормен жазу, терезенің сынуы.

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды өзара сыйластық, достық, қарым‒қатынастарын дамыту. Бір бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу