Менің киімім. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: «Өзім туралы»

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Талдықорған қаласындағы

физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Г.Т.Жакупова, А.Н.Баримбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің киімім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3 Ауызша хабарлама/аудио/бейне материалдарының мазмұнын түсіну.

1.1.3.1. мұғалімнің көмегімен тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суреттерді көрсетеді.

Көптеген оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді.

Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді, сөз тіркестерін айтады.

Бағалау критерийлері

  • Сұрақтарға жауап бере алады;
  • Мазмұнына сәйкес суреттерді көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: көйлек, шалбар, жейде, жемпір, етік, бәтеңке, күртке, тон, қолғап, шұлық, белдемше, аяқ киім, бас киім.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мынау не? Бұл менің ... . Бұл қандай көйлек (т.б.) ?

Бұл қызыл көйлек.

Құндылықтарды дарыту

Бірін-бірі тыңдауға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Киім түрлерін қайталау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып өту.

«Шаттық шеңбер» құрып, оқушылар киім түрлерін көрсетіп, бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.

Сөздік: көйлек, шалбар, жейде, жемпір, етік, бәтеңке, күртке, тон, қолғап, шұлық, белдемше, аяқ киім, бас киім.

– Біз үстімізге не киеміз?

– Киім.

– Мынау қандай киім?

– Костюм, көйлек, шалбар, белдемше, жейде. т.б. (балалар үстіндегі киімдерін көрсетеді.)

Сабақтың ортасы

7 минут

3 минут

10 минут

10 минут

Мәнерлеп оқу, үлгі бойынша диалог жүргізу: сөйлесімде оқушылар ма, ме, па, пе, ба, бе сұраулық

шылауларын қолданулары тиіс.

Үлгі:

– Бұл көйлек пе?

– Көйлек қызыл ма?

Сергіту сәтін жүргізу.

Тоңса біздің қолымыз,Қолғапты киіп аламыз.Сарт - сарт – сарт,Шапалақты соғамыз.Тоңса біздің аяғымыз,Етікті киіп аламыз.Топ – топ – топ,Топылдатып билейміз.

Жеке жұмыс. «Артығын тап»

Жаттығу жұмысы. Тапсырма:

1. Оқушылар бір қатардағы суреттердің ішінен артық суретті анықтайды, шеңберге алып белгілейді.

2. суреттер бойынша сөз тіркестер, жай сөйлемдер арқылы жауаптарын түсіндіреді.

3. Жақсы орындалған жұмыстар үлгі ретінде тақтаға ілініп, бағаланады, қалған оқушылар соған қарап, өз жұмыстарын тексереді.

Айтылым

1. Оқушыларға киім түрлерін білдіретін сөздер жазылған қиық қағаздар таратылады.

2. Оқушылар сөздерді дауыстап оқиды, айтылуына қарай бөледі: жуан естілетін – бір бөлек, жіңішке естілетін – бір бөлек жинақтайды.

3. Оқушылардың жұмыстарын бірге аралап, бір-бірін бағалайды.

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында түрлі смайликтер арқылы рефлексия жүргізіледі.

Үйге тапсырма: сөздерді жаттап келу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу