Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көңіл-күйді білдіретін бет-бейнелер қағаздан жасалған дөңгелектер.№1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.6 Түрлі құрылымдағы мәтіндерді түсіну.

1.1.6.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.

3.1 Зейін қойып оқу.

1.3.3.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа сөздердің айтылуын түсінеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды.

Көбі: Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және түрлі эмоцияларды көрсете алады. Жаңа сөздермен сөйлем құрастыра алады.

Жетістік критерийлері

Сөйлем құрастыруда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана алады

Таныс сөздерді буынға бөліп оқи алады және сөздердің мағынасын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы.Сен көңілдісің бе? Сен қуаныштысың ба? Мен көңілсізбін. Мен қуаныштымын. Мен көңілдімін. Мен ашулымын.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Жеке портреттер №2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

(Ұ) Оқушылар шеңберде тұрып, кезекпен әр түрлі эмоциялар көрсетіп «Сәлем, менің атым ...» дейді. Өзгелер эмоцияны табулары тиіс (мысалы қуаныш, мұң, қорқыныш, ашу, қобалжу, уайым сезімдерін білдіретін бет қимылдарын көрсетеді).

(Ж) Балалар бір - бірлеріннен көңіл – күйлерін сұрайды.

Денис, сен көңілдісің бе?

Иә, мен көңілдімін.

Альмира сен қуаныштысың ба?

Жоқ, мен көңілсізбін. (құаныштымын)

Диалогтік қатынас. (Ө) Әр оқушы өз портретін қолына ұстап жұптасынан сұрайды.

- Сенің шашың қандай?

- Менің шашым қара.(сары, қоңыр)

- Cенің көзің қандай?

- Менің көзім қоңыр.(қара, көк, жасыл)

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен сөйлем құрастырғанда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана аламын»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Слайл №3

Сабақтың ортасы

5 минут

8 минут

1 минут

8 минут

4 минут

(МК) Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру. Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар алдымен хормен қайталайды, сонан соң жеке-жеке. Мағынасын түсіндіру үшін бет әлетін өзгертіп көрсетеді.

Тапсырма. Карточкада берілген бет-бейнелерге сәйкес сөздерді жаз. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

СЕРГІТУ СӘТІ.

Қоңыздар.

Көк шалғында қоңыздар.Би – билейді айнала.Оң аяқпен топ – топ,Сол аяқпен топ – топ.Екі қолды жоғары, жоғары.Көтереді жәй ғана.Қане кімнің қолдары,Көрінеді жоғары.

(Ө) Оқушыларға салынған порттердің суреттері және бас мүшелері жазылған сөздер беріледі. Олар қолдарына желім алып бас мүшелерін қатысты жерлерге апарым желімдейді, нұсқағышпен көрсетеді.

(Ө) Эмоцияны көрсететін бет-бейнелері бар қағаз дөңгелектер жасайды және эмоцияны білдіретін сөз орамдарын қайталайды. Мысалы: Мен бақыттымын. Мен бақыттымын, себебі мектепке келдім. ( оқушыларға түрлі себептер айтуларына болады)

Жетістік критерийі:

  • Сөйлем құрастыруда жаңа сөздерді мағынасына сай, орынды қолдана алады

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

Көңіл-күйлерін білдіруде ойларын толықтырып айтады. Мысалы: Мен бақыттымын, себебі...

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: үлгі бойынша қайталайды.

Слайл №4

Слайл №5

Слайл №6

http://erketai.kz/ustazdarga/ustazdar-enbegi/sergitu-zhattigulari/

Сергіту сәті «Қоңыздар»

Слайл №7

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Слайл №8

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар көңіл-күйлерін білдіруде ойларын толықтырып айтады. Мысалы: Мен бақыттымын, себебі...

Карточкада берілген бет-бейнелерге сәйкес сөздерді жаз. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу