Жеке портреттер №1. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жеке портреттер №1

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Әдеби тіл нормасын түсіну.

1.1.4.1 Дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтады.

2.4 Диалогке қатысу.

1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетуге тырысады.

Көбі: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді және диалогқа қатыса алады.

Жетістік критерийлері

Өзі салған портреті бойынша анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Әріптердің дыбысталуын және сөздің екпінің дұрыс қойып айтады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаш: қара, қоңыр сары, ақ; көз: қара, қоңыр, көк, жасыл. Менің шашым, менің көзім, сенің шашың, сенің көзің.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Мектепке алғаш келген кездегі көңіл-күй №2

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен бес саусағын қысу арқылы амандасады.

Фонетикалық жаттығу.

Ойын «Тасбақа мен қоян»

Мақсаты: Мәнерлеп оқуға машықтандыру, ақпараты есту барысында әр түрлі деңгейінде қабылдауға үйрету./ тез айту, баяу айту/

дәптер – қалам – сызғыш – өшіргіш – ойыншықтар, құыршақ – текшелер – робот – асхана./ /тез айту/

дәптер – қалам – сызғыш – өшіргіш – ойыншықтар, құыршақ – текшелер – робот – асхана, – баяу айту/

(Ж)Балалар жұптасып бір - бірлеріннен көңіл – күйлерін сұрайды.

Медеу, сен көңілдісің бе?

Иә, мен көңілдімін.

Денис, сен қуаныштысың ба?

Жоқ, мен көңілсізбін.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетемін»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Таныстырылым

Слайд№3,4

Слайл №5

Сабақтың ортасы

5 минут

8 минут

1 минут

7 минут

5 минут

(МК) Оқушылармен бірге түстерді естеріне түсіру.

(МК) Мұғалім айнаға қарағандай болып, өзін ауызша сипаттап үлгі ретінде көрсетіп айтады. Сөздер мен сөз орамдарын түсінікті етіп айту.

Мысалы, менің шашым қара, менің көзім қоңыр.

Оқушылар үлгіге сүйене отырып өздерін сипаттайды.

СЕРГІТУ СӘТІ.

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

(Ж) Көк, қара, жасыл, қоңыр түрлі түсті қарындаштар арқылы жұпқа бөліну.

Оқушылар жұпта отырып айнаға қарап, бір-біріне өздерін сипаттап айтады.

(Ө) Әр оқушы өз портретін салады.

Салған суреттері бойынша өздерін сипаттайды.

Жетістік критерийі:

  • Өзі салған портреті бойынша анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Дифференциация:

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар Сыныпта бір-біріне ұқсайтын оқушылар бар ма? Олар кімдер?

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сөздерді ауызша қайталайды.

Слайл №6,7,8

Слайд№9

Слайд№6-10

Түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Слайд№11

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар сыныпта бір-біріне ұқсайтын оқушылар бар ма? Олар кімдер? деген сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар жұпта отырып айнаға қарап, бір-біріне өздерін сипаттап айтады.

Өнер сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу