Жеке портреттер №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жеке портреттер №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Зейін қойып тыңдау.

1.1.1.1 Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және дұрыс қабылдайды

4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу.

1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөздерді зейін қойып тыңдайды. Қарапайым тілмен жазады.

Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді. Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді, дұрыс қабылдайды және қөркемдегіш құралды пайдаланып жазады.

Жетістік критерийлері

Тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шаш: қара, қоңыр сары, ақ; көз: қара, қоңыр, көк, жасыл. Менің шашым, менің көзім, сенің шашың, сенің көзің.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір- біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Сергіту сәті «Көңілді күн»

Бастапқы білім

Жеке портреттер №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен құшақтасу арқылы амандасады.

Фонетикалық жаттығу.

Ойын «Тасбақа мен қоян»

Мақсаты: Мәнерлеп оқуға машықтандыру, ақпараты есту барысында әр түрлі деңгейінде қабылдауға үйрету./ тез айту, баяу айту/

Шаш: қара, қоңыр сары, ақ; көз: қара, қоңыр, көк, жасыл. Менің шашым, менің көзім, сенің шашың, сенің көзің/тез айту/

Шаш: қара, қоңыр сары, ақ; көз: қара, қоңыр, көк, жасыл. Менің шашым, менің көзім, сенің шашың, сенің көзің/ баяу айту/

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.)

«Мен сөздерді зейін қойып тыңдаймын, түсінемін және дұрыс қабылдаймын»

Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

Сабақтың ортасы

8 минут

8 минут

2 минут

3 минут

5 минут

(Ұ) Оқушылар бірін-бірі сипаттайды, ал қалғандары оны табулары керек.

(Қ) Мұғалім оқушыларға адамның бет үлгісінің суретін береді мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, бас мүшелерін қажетті түстермен бояйды және қасына жазады.

Мысалы, ұлдар қолдарына қара түсті қарындашты алады, қыздар қоңыр түсті қарындашты алады да шаштарын бояйды. (көзін, қасын, аузын)

Жетістік критерийі:

  • тақырыпқа қатысты сөздердің көпшілігін есте сақтайды және мағынасын түсіндіре алады.

СЕРГІТУ СӘТІ.

«Көңілді күн»

(Т) Оқушыларды пазлдардың бөліктерің жинақтау арқылы топтарға бөлу.

Топтарға түрлі портреттер беріледі олар сол портреттерді қарапайым сөздермен сипаттайды және бір-бірімен салыстырады.

http://ped.kz/video/serg-tu-s-t-k-ld-k-n.html

«Көңілді күн»

Сергіту сәті

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар түрлі портреттерді қарапайым сөздермен сипаттайды және бір-бірімен салыстырады.

Мұғалім оқушыларға адамның бет үлгісінің суретін береді мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, бас мүшелерін қажетті түстермен бояйды және қасына жазады.

Өнер сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу