Дене мүшелері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім: «Өзім туралы» Күні: Сынып: 1 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: А.Н.Баримбекова, Г.Т.Жакупова Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Дене мүшелері | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3 Ауызша хабарлама/аудио/бейне материалдарының мазмұнын түсіну. 1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған хабарлама (ұзақтығы 0,5-1 мин шамасында) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау. | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суреттерді көрсетеді. Көптеген оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді. Кейбір оқушылар: сұрақтар қояды және жауап береді, оған сәйкес суреттерді көрсетеді, сөз тіркестерін айтады. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: бас, шаш, көз, мұрын, ауыз, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мынау не? Оның түсі қандай? Бұл …. Оның түсі ... . | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өзара құрмет көрсетуге тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Орыс тілі | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Түстерді білдіретін сөздерді қайталау. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 3 минут | Түрлі түсті қарындаштар арқылы түстерді қайталау. Cабақтың мақсатымен таныстыру. | ||||
Сабақтың ортасы 7 минут 5 минут 5 минут 3 минут 5 минут 10 минут | Сөздік жұмысы. 1. Жеке жұмыс. Мұғалім суреттерді көрсетіп, дене мүшелерімен таныстырады: сөздердің айтылуын тыңдайды, әр оқушы жеке қайталап айтады, топпен қайталайды. бас, шаш, көз, мұрын, ауыз, оң қол, сол қол, оң аяқ, сол аяқ. 2. Қимылдарды орынтату арқылы сөздерді меңгерту: Оң қолыңды көтер. Сол қолыңды көтер. Оң аяғыңды көтер. Сол аяғыңды көтер. Мұрныңды ( аузыңды, көзіңді, басыңды, құлағыңды) көрсет. т.б. 3. Сұрақтарға жауап береді және оған сәйкес суреттерді көрсетеді: – Мынау не? – Оның түсі қандай? – Бұл …. (көз, шаш,т.б.) – Оның түсі ... (көк, қоңыр, қара, т.б.). Сергіту сәті Таң атты, күн шықты, Аспанды бұлт жапты. Жел тұрды, жаңбыр жауды. Найзағай сарт сұрт етті, Біз бұға қалдық. Айтылым. Сабақта меңгерілген сөздерді қолдана отырып, суреттегі кейіпкерлерді сипаттау.
Жетекші сұрақтар:
Дәптермен жұмыс Тапсырма: суреттерді бояйды, дене мүшелерінің атауларын қайталайды, жаза алатындар дене мүшелердің қасына қалай аталатынын жазады. Бағалау: сабақ соңында оқушыларға смайлик тарату арқылы жұмыстарын бағалау. | https://www.google.kz/search?biw=1440&bih | |||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақ соңында мұғалім рефлексия жүргізеді. Үйге тапсырпма: Суреттерді бояп, қандай түс екенін жазады. | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?