Электронды үкімет. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.4А бөлім: Цифрлық сауаттылық

Мектеп:

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Электронды үкімет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.3.1.2 электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Электронды үкімет порталының функцияларын сипаттау

Электронды үкімет порталының артықшылығы және кемшілігін ажырату

Бағалау критерийлері

  • - Электронды үкімет қызметін түсінеді;
  • - Электронды үкімет көрсететін қызметін сипаттайды;
  • - Электронды үкімет порталына тіркеле алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • ЭЦҚ қолдану алгоритмін сипаттай алады;
  • Электрондық үкіметтің танымал қызметтерінің тізімін көрсетеді;
  • www.egov.kz электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттап, артықшылықтарын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

  • Цифрландыру, сандық технологиялар;
  • зияткерлік меншік;
  • авторлық құқық, патент, тауарлық белгі;
  • Электрондық цифрлық қолтаңба, сертификат;
  • ашық кілт, жеке кілт;
  • хэштеу алгоритмі;
  • электрондық үкімет.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

  • Қазақстандағы цифрландырудың негізгі артықшылықтары ...
  • Цифрландырудың кемшіліктері ...
  • ... зияткерлік меншік объектілері.
  • Қазақстан Республикасының Заңы ... зияткерлік меншік құқығын қорғауға бағытталған.
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу үшін сізге ...
  • Ашық және жеке кілттердің айырмашылығы ...
  • Электрондық үкімет порталының артықшылығы - бұл ...

Құндылықтарды дарыту

Жұпта, сыныпта жұмыс кезінде бірін бірі тыңдайды, сыйластық ортасын құрады

Пәнаралық байланыстар

Құқық негіздері

Бастапқы білім

Ақпараттарды құқылы қорғау

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

  • Білімді пысықтау.

Мұғалім тапсырма парағын таратады немесе интербелсенді тақтада көрсетеді. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Тапсырма: Электронды үкімет функцияларын көрсетіңіз.

Өзін-өзі бағалау: Оқушылар жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді.

Дескриптор:

  • 1-ші функцияны анықтайды;
  • 2-ші функцияны анықтайды;
  • 3-ші функцияны анықтайды.

Мұғалім оқу мақсатын және тақырыпты жариялайды. Сыныпта оқу мақсаты және күтілетін нәтиже талқыланады.

Презентация

Таратпа 1

www.egov.kz

Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

5 мин

І. Бейне материал арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

https://www.youtube.com/watch?v=eH9wJW1yyAA

ІІ. Жұптық жұмыс. Мұғалім оқушыларды қабілетіне қарай жұптастырады және таратпа материал береді.

Тапсырма 1. Электронды үкімет порталы қызметінің тізімін жазыңыз.

  • __________________________________________
  • __________________________________________
  • __________________________________________
  • _________________________________________

Тапсырма 2. Көрген бейне материал бойынша электронды үкімет порталына тіркелудің дұрыс алгоритмін дұрыс ретімет көрсетіңіз.

Бірін бірі бағалау: Оқушылар жұпта жауаптарымен алмасып, басқа жұптың жауабын дұрыс жауаппен салыстыра бағалайды.

Дескриптор:

  • 2,3-ші әрекетті дұрыс анықтайды;
  • 4,5-ші әрекетті дұрыс анықтайды;
  • 7,8-ші әрекетті дұрыс анықтайды;
  • 9,11-ші әрекетті дұрыс анықтайды.

Саралау: Жоғары мотивациялы оқушылар @EgovKzBot чатботын қолдануын көрсетеді.

ІІІ. Қорытындылау.

Жұптағы оқушылар бөлім бойынша алынған ақпаратты талқылайды.

Бағалау: Мұғалім кері байланыс береді.

  • Мұғалім үй тапсырмасын түсіндіреді.

Таратпа 2

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс:

Сыныпта бүгінгі өтілген тақырыпқа және оқу мақсатына қайта шолу жасау, оқушы деңгейне кері байланыс беру.

Үй жұмысы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалім оқушыларды қабілеттеріне қарай жұпқа біріктіреді, дифференциация бір-бірін қолдаудан және қосымша тапсырмалардан көрінеді

Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау, дұрыс жауаппен өзін-өзі бағалау, оқушылар мен мұғалімнің кері байланысы

Жұптық жұмыс кезінде және компьютерде жұмыс істеу кезінде оқушыларды сынып ішінде қозғалту кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу