Ақылды үй. Информатика, 11 сынып, дидактикалық материал, 1 сабақ.


Практикалық жұмыс

Arduino онлайн симуляторымен танысу

  • https://www.tinkercad.com сайтына өту
  • Тіркелу үшін Sign In басыңыз.
  • Тіркелгеннен кейін бізге жүйенің бастапқы беті ашылады, сол жағында сервистер тізімі және оның астында жобалар тізімі көрсетілген. Arduino-ның жаңа сұлбасын құру үшін сервистер тізімінен Circuits таңдаңыз, кейін негізгі терезеден Create new Circuit.
  •  Симулятор ортасы келесі элементтерден тұрады:

Жоғарғы жағында батырмалары бар құралдар жолағы орналасқан:

  • Элементті аудару
  • Өшіру
  • Экран өлшемі бойынша масштабтау
  • Кері қайту
  • Қайталау
  • Түзету және программалау панелін көрсету
  • Компоненттер кітапханасының панелін көрсету
  • Сұлба симуляторын жүктеу
  • Eagle .brd – ға экспорттау
  • Бөлісу

Орталық бөлігінде сұлбаны визуалды түрде редактірлеу аймағы орналасқан.

Оң жағында –компоненттер кітапханасы

  • Температура датчигінен алынған мәліметтерді шығаратын қарапайым сұлба құру.

Ол үшін компоненттер кітапханасының ашылмалы тізімінен барлық компоненттерді көрсету нұсқасын таңдаңыз.

  • Компоненттер тізімінен Arduino Uno R3 микроконтроллер табыңыз және оны редактірлеу аймағына орналастырыңыз.
  • Temperature Sensor [TMP36] температура сенсорын тауып, оны сұлбаға орналастырыңыз
  • Сенсордың шығысын мысалдағыдай тақшамен біріктіріңіз:
  • Құралдар жолағында орналасқан </ Code батырмасы басу арқылы кодау бөліміне өтіңіз.
  • Код 6 топтан тұратын блок көмегімен іске асырылады:
  • Output бөліміне өтіңіз и блокты программалау терезесіне апарыңыз

Input бөлімінен блокқа апарыңыз

және оны алдыңғы блоктың ішіне орналастырыңыз:

Осылайша біз қарапайым сұлбаны жинап шықтық және температура датчигінен алынған ақпаратты шығаратын программаны жазып шықтық.

Мәні жүйе мониторына шығарылады, ол үшін экранның төменгі жағындағы Serial Monitor батырмасын басу қажет.

Симуляцияны жүктеу үшін құралдар панеліндегі сәйкес батырманы басыңыз.

Симуляция кезінде сіздер температураны сырғытпаның көмегімен өзгертулеріңізге болады, ол симуляция режимінде температура сенсорын басқан кезде пайда болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу