Мобильді құрылғылардың сипаттамалары. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
| |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||
Сабақтың тақырыбы: | Мобильді құрылғылардың сипаттамалары | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) | 11.1.1.1 ұялы құрылғылардың негізгі құрамдастарының сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар | ||||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар процессордың, жадының, планшеттер мен телефон экранының сипаттамаларын салыстырады | ||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқытудың тілдік мақсаты: Мобильді құрылғылардың сипаттамасын түсіндіру Белгілі бір тапсырманы шешу үшін мобильді құрылғыны таңдауды негіздеу. Пәндік лексика және терминология: Смартфон, планшет, экран өлшемі, жедел жады көлемі, Процессор жиілігі Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер: ... үшін ең жақсысы..., өйткені … Смартфонның/планшеттің негізгі сипаттамаларына … Смартфон/Планшет ... қарағанда … ... .......... пайдалану тиімді болып табылады, өйткені… | ||||||||
Құндылықтарға баулу | Осы сабақ бағытталған құндылықтар: құрмет пен ашықтық | ||||||||
Пəнаралық байланыс | Физика және өмірлік тәжірибемен сабақта пәнаралық интеграция іске асырылады | ||||||||
АКТқолдану дағдылары | АКТ-ны пайдаланудың дамытатын дағдылары: Оқушылар әр түрлі тапсырмалар үшін үнемділікті және практикалық қолдану тұрғысынан смартфонды/планшетті болашақта таңдау үшін құрамдас құрылғылардың сипаттамасын қарастырады | ||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар смартфондар мен планшеттерді пайдалану тәжірибесі бар; мобильді құрылғылардың жұмыс принципі бойынша компьютерге ұқсас екенін түсінеді; мобильді құрылғыларға мысалдар келтіре алады. |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы 0 – 10 минут | Сәлемдесу. Оқушыларды топқа біріктіру Смартфон мен планшет бейнеленген пазлдар арқылы топқа біріктіру. Оқытудың тақырыбы мен мақсаттарымен танысу. Мұғалім оқушыларға слайд 1 мазмұны негізінде сабақ тақырыбын болжауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға бұлт негізінде сабақтың мақсаты мен оқу мақсатын тұжырымдауды ұсынады Қиын болған жағдайда мұғалім "салыстыру", "жады", "процессордың жиілігі", "экран өлшемі"сөздеріне назар аударады. | Дереккөз №1. Пазлдар Сабаққа арналған презентация Слайд 1. Тақырыпты анықтау Слайд 2-3: сабақтың мақсаты мен оқу мақсатын тұжырымдау Мұғалім өз сөздерін бұлт жасай алатын дерекөз https://www.wordclouds.com/ |
Негізгі кезең 10 – 25 минут | Білімді өзектендіру. Сонымен, бүгін біз ұялы құрылғылардың сипаттамаларын зерттейміз және салыстырамыз. Алдымен ұялы құрылғылар сөз тіркесі деп нені түсінеміз? Ұялы құрылғылардың қандай түрлері бар? Олар не үшін қажет? (Т, Қ) Тапсырма 1. Әр түрлі мобильді құрылғылар мен олардың қолданылу аясы неғұрлым көп тізілетін постерді дайындаңыз. Сұраққа жауап беріңіздер: құрылғының мобильділігі дегеніміз не (5 мин) Бағалау критерийлері: мобильді құрылғылардың түрлерін атайды Дескрипторлар: Мобильді құрылғылардың кемінде 3 түрін; Әрбір түр үшін қолдану саласы ұсынылған Жабдықтың ұтқырлығы туралы түсінік ашылды Топ спикерінің жұмысының тұсаукесері. (2-3 минут.әр топ үшін. Барлығы 6 мин) Бағалау парағын қолдану арқылы өзара бағалау және барлық сөз сөйлеулерден кейін критерийлерге сәйкес мұғалімнің кері байланысы. (2 мин) | А3, фломастерлер Дидактикалық материал: Дереккөз №2. Википедиядан екі мақала негізінде Дереккөз №3 Бағалау парағы |
25-35 минут | (К) Кумулятивті әңгімелесу (15 мин) Мұғалім оқушылардың ұялы құрылғыларды пайдалану тәжірибесі негізінде зерттеу мәселесін ұсына отырып, әңгіме құрастырады. Сіздің үйіңізде телефон, мүмкін планшет бар. Бір минуттан кейін құрылғыңыз қандай сипаттамаларға ие екенін айта аласыз ба? Оқушылар экран өлшемі, процессор жиілігі, жад көлемі, аккумулятордың жұмыс уақыты және т. б. сияқты сипаттамаларын атай алады. Кейбір оқушылар құрылғысының құрамдас сипаттамаларын қарау үшін командалар кезектілігін тақтаға жаза алады. Мұғалімнің сұрағы: бұл сипаттамалардың арасындағы тәуелділік қандай? Оқушылар жауап нұсқаларын ұсынады. Бірақ бұл сұраққа дұрыс және негізді жауап алу үшін материалдарды қосымша зерделеу қажет болады. | |
35-40 минут | Рефлексия. Оқушылар сабақтың бастапқы мақсатына байланысты 3 рефлексивті сұраққа жауап береді: 1.Сабақ мақсатына қол жеткізу үшін оңай болған қадамдарды тізіп шығыңыз. 2. Қандай қиындықтар тудырды? 3. Сабақтың мақсатына толық қол жеткізу үшін сізге тағы не қажет ? Padlet онлайн платформасын пайдалана отырып, мұғалім оқушылардың жауаптарына түсініктеме жаза алады, бұл оларды тақырыпты оқуды жалғастыруға ынталандырады. Стикерлерде рефлексия өткізген жағдайда келесі сабақты мұғалім оқушылардың жауаптарына қысқаша шолу жасай алады. | Презентация. Слайд 5 Бұл сауалнаманы стикерлерде де, онлайн түрінде де, платформаны пайдалана отырып қоюға болады. padlet.com |
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
Оқушылар қолдау деңгейін таңдай алады: * басып шығарылған дидактикалық материалдар * Интернетке сілтеме * Тапсырманы өз бетінше орындау * Сыныптастардың қолдауымен топтарда жұмыс * Қажет болса, мұғалімнің көмегі. Неғұрлым қабілетті оқушылар тапсырмаларды орындау кезінде басқаларына проблемаларды шешуге көмектесе алады | * Әр тапсырма мұғалімнің кері байланысы арқылы қалыптастырушы бағалаумен сүйемелденеді * 1 тапсырма критерий және дескрипторлар бойынша өзара бағалануға жатады, оқушылар тапсырманы орындау алдында танысады. | Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігі ережесін сақтау: - экранға дейінгі қашықтық және дұрыс отыру сақталады; - техниканы ұқыпты ұстау Денсаулық сақтау технологиялары: - қызмет түрлерін ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде |
| |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?