3D-панорама мен турлар. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

11.2А: 3D моделдеу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

3D-панорама мен турлар

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына негізделген)

11.4.1.3 Бірінші тұлғаның атынан 3D-тур әзірлеу

Сабақтың мақсаты

  • 3D-панораманы әзірлеу және қажетті бағдарламаны таңдау

Табыс критерийлері

Оқушы 7.4.2.1 оқыту мақсатына жетті, егер:

- 3D панораманы әзірлеу;

- панорама өлшемін өзгертеді;

- сфералық кубтық проекциярмен танысу;

- 3D панораманы әзірлеу үшін қажетті бағдарламалардың ерекшіліктері мен кемшіліктерін қарастыру.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ауызша түсіндіру кезінде келесі ұғымдарды қолдана алады

Пәндік лексика и терминология (сабақтың глоссариі файлында берілген):

Жақтау, фотосурет, желімдеу, бума, іске қосу, панорамасы

  • Берілген бағдарламаның жағымды жақтары, сонымен қатар жағымсыз жағына ....... жатады
  • Бағдарламада келесі мүмкіндіктері бар .... бірақ келесі кемшіліктері де бар ...
  • Алдыңғы бағдарламалармен салыстырғанда үшінші бағдарламада келесі қосымша мүмкіндіктер бар ...., бірақ келесі кемшіліктері де бар ...

Құндылықтарға баулу

Сабақ сыйлауға, бірлесіп жұмыс істеуге, еңбекке және шығармашылыққа баулуға бағытталады, бұл ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардың кезектестіріліп, әрі қарай міндетті түрде ұжыммен талқылануының нәтижесінде жүзеге асырылады; сабақты ұйымдастырудың мұндай формасы шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай алатын, оқушының игілікті және ақжарқын тұлға қасиеттерін дамытуға бағытталады. 11.2А – 3D моделдеу бөлімі бойынша оқушыларда тұрақты теориялық білім мен практикалық дағдыларын қалыптастыру оқушыларға міндетті түрде денсаулықты сақтайтын құралдарға сүйене отырып, оқу және кәсіптік міндеттерін шешу үшін АКТ құралдарын тиімді және кәсіби пайдалануға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланыс

География, тарих, тілдер

АКТ қолдану дағдылары

Графикалық редакторлармен жұмыс

Бастапқы білімдері

3D өлшемді пішімдермен жұмыс

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басталуы

0-10 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топта жұмыс істеу. Әрбір топ 3D-панорама моделін постер ретінде жасайды. Алдын ала әр топ тарих, география, тілдер пәндерін таңдайды. Бағалау критерийлері алдын ала талқыланады (оқытушылар өз нұсқасын ұсына алады).

Топтасып жұмыс істейді.

А3 форматты қағаз, маркерлер, қарындаштар, желім, журналдан алынған фотосуреттер

Сабақтың ортасы

11-30 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

[Уақыт 4-15 мин]

Топта жұмыс істеу. Әрбір топ 3D панорама жасау үшін ұсынылған бағдарламалардың бірін таңдап, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды. Ұсынылған кестені толтырады. Оқушылар алдыңғы тапсырмадан көріністі жүзеге асыра алады, фотосуреттерді Интернеттен табуға болады.

Егер студенттер қиындықтарға тап болса, мұғалім оларға сілтемеде көрсетілген бағдарламалардың сипаттамасын ұсына алады.

Топтасып жұмыс істейді.

Canon Ptoho Stitch — http://support-au.canon.com.au/contents/AU/EN/0200246607.html

Сабақтың соңы

31-40 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

(Сабақтың рефлексиясы): оқушылар сабақтың мақсатына жеткен / жетпеген дәлелдер тізімін келтіреді.

Жұмысты ұсыну кезеңі. Оқушылар әр бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері талқыланғаннан кейін кестені толтырады.

Олар өз панорамасын жасау кезінде әрбір бағдарламаның мүмкіндіктерін ескеруі мүмкін.

Әрбір топ өз жұмысын ұсынады, басқа оқушылар кестенің бос орындарын сәйкесінше толтырады.

Сүйемелдеу материалсыз

Оқушылардың толтырылған кестелері

Дифференциация – Сіз қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың жаңа материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және техникалық

қауіпсіздікті сақтау

Жұптық/топтық жұмыс – сыныптастарының қолдауы.

Қажет болса, мұғалімнің көмегі.

Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға күрделірек/қызық болып көрінетін өз шешімдерінің аспектілерін көрсете алады. Сабақта дифференциациялаудың негізгі принципі

– күрделендіру.

Сұрақтарға жауап беру және жауаптар сеансы.

Тапсырманы орындау барысында сұрақтарды пайдалану. Сабақтың әрбір кезеңінде оқушылардың нәтижесін/жетістігін түсіну үшін шолу сұрақтарын пайдалану. Өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды пайдалану.

Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, мысалы, экранды, пернетақта мен тышқанды қосу кезінде абай болуды; денсаулыққа қауіп төндіретіндіктен сымдардан сақ болуды еске салу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты/оқу мақсаты шындыққа негізделген бе?

Барлық оқушылар ОМ-на жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс келтірілді ме?

Сабақтың уақытша кезеңдері болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай шегіністер болды және неге?

Жалпы баға

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)?

1:

2:

Сабақты не жақсартуы мүмкін (сабақ беру тұрғысынан да, оқу тұрғысынан да ойлаңыз)?

1:

2:

Мен сынып туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы сабақ барысында не білдім, алдағы сабақтарда неге көңіл бөлінуі керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу