Виртуалды және толықтырылған шындық. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: | Мектеп: Қызылорда ХБН | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Виртуалды және толықтырылған шындық | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.1.1 виртуалды және толықтырылған шындық қажеттілігін түсіндіру | |||||||||||||
Сабақ мақсаты | виртуалды және толықтырылған шындық ұғымдарын түсіндіру | |||||||||||||
Сәттілік критерийі | Барлық оқушылар: виртуалды және толықтырылған шындық ұғымдарын түсінеді Көпшілік оқушылар: виртуалды және толықтырылған шындық бір-бірінен айырмашылығын біледі Кейбір оқуышылар: виртуалды және толықтырылған шындықтың тиімді формасын нақты ситуация негізінде таңдай жасай алады | |||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика мен терминология Виртуалды шындық, толықтырылған шындық, модельденген орта, анимация, сандық ақпарат Диалог және жазба жұмысы үшін пайдалы сөз тіркестері: Виртуалды шындық …., ал толықтырылған шындық ВШ пен ТШ бір-бірінен басты айырмашылығы ... | |||||||||||||
Құндылықтарға баулу
| ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, Графика | |||||||||||||
Алдын ала білім | ||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған қызмет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақ басы | Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Миға шабуыл. Тақырып және оқу мақсаттарын анықтау және талқылау | |||||||||||||
Сабақ ортасы
| Топтық зерттеу Топта төмендегі сұрақтар көлемінде ізденіс жасап, демонстрация әзірлеңіз (презентация, брошюра, инфографика)
Ұмытпаңыз: Пайдаланылған ресуртарға сілтеме Зерттеу тобы мүшелері туралы ақпарат Бағалау критерийлері
Түсіндірме жұмысы. (қажеттілік болған жағдайда) Виртуалды шындық: «компьютерных технологияларды қолдану негізінде жасалған модельденген орта». Виртуалды шындық- техникалық құралдардың көмегімен жасалған адамға оның сезім мүшелері арқылы (көру, есту, т.б.) қабылданатын әлем. Виртуалды шындықты әсер және әсерге жауап реакциясы ретінде имитациялайды. Толықтырылған шындық: түрлі технологиялардың көмегімен нақты объектке сандық ақпаратты қосу арқылы жасалатын нағыз шындықтың кеңейтілген нқсқасы. Толықтырылған шындық – қандай да бір сенсорлық ақпаратты қосу арқылы шынайылықты толықтыруға мүмкіндік беретін технологиялар. Толықтырылған шындықтың мүмкіншіліктері құрылғылар мен программалардың мүмкіншіліктерімен шектелген. Айырмашылықтары ТШ смартфондар мен планшеттерге арналған қосмшаларды қолданылады. ТШ бағдарламалары құрылғының камерасын пайдалану арқылы нақты обьектке толықтырылған сандық ақпаратты (мәтін, бейнежазба т.б.) көрсетеді. Қосымшалардың мақсаты әртүрлі болуы мүмкін: мысалы ойын үшін Pokémon GO, ақпарат алу үшін, мысалы Layar. ВШ кезінде алдыңызда тұрған әлемнен мүлде басқа әлем көрінетін болады. ВШ анимацияланған орта, сурет ретінде ВШ қосылған шынайы орта болуы да мүмкін. ВШ-та қарапайым өмірдегідей әрекеттер жасау мүмкіндігі бар, мысалы алға қарай жүру, артқа немес жан-жаққа қарау, қадамдау ВШ-ты көру үшін арнайы құрылғы қажет, мысалы Oculus Rift. Кейбір ВШ үшін смартфон пайдаланылады, ол үшін арнайы ВШ қосымшалары Google Cardboard немесе Daydream View қажет болады. Сұрақ-жауап сессиясы (о)
| https://learningenglish.voanews.com/a/augmented-reality-versus-virtual-reality/3844772.html https://rb.ru/story/vsyo-o-vr-ar/ http://3dday.ru/services/dopolnennaya-i-virtualnaya-realnost/ | ||||||||||||
Сабақ соңы | Рефлексия. Кері байланыс. «Үш М Оқушылардан оқу процесі барысында орын алған сәтті деп тапқан мезетті, қиындық туғызған екі мезетті сипаттау сұралады. Соңғысы үшін алдағы уақытта жағдайды оңалту үшін жүзеге асыруға болатын әрекетті сипаттау қажет болады. | |||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Саралау білімді іріктеуде, нақты оқушыдан күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескеріп таңдауда көрінуі мүмкін (Гарднер бойынша көптік интеллект теориясы). Саралау уақытты ақылға қонымды пайдалануды ескеріп, сабақтың кез келген кезеңінде пайдаланылуы мүмкін. | Осы тарауды оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін пайдаланатын әдістерді жазу үшін қолданыңыз. | Денсаулық сақтаушы технологиялар. Пайдаланылатын жаттығу минуттары және белсенді қызмет түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерінен осы сабақта қолданылатын тармақтар. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар ОМ-на жетті мен? Егер жетпесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегінулер болды және неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?