Нейрондық желіні жобалау. Информатика, 11 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 2
Есеп
Фермер бидай немесе қара бидайды өсіре алады. Дәнді дақылдарының болашақта бағасының өсуі, сол денгейде қалу немесе кему ықтималдылығы 0.5, 0.30 және 0.45-ке сәйкес.
Егер баға өссе, бидай дақылынан 900 000 теңге, ал қара бидай дақылынан 400 000 теңге таза кіріс алынады. Егер бағалар өзгеріссіз қалса, фермер шығындарды ғана өтейді. Егер баға арзандаса, бидай және қара бидай дақылдары сәйкесінше 400 000 және 100 000 теңге шығын әкеледі.
Фермер қандай дәнді дақылдарын өсіру керек?
Оның пайдасының күтілетін мәні қандай?
Деңгей А:
Excel бағдарламасын ашып, Фермер қандай дәнді дақылдарын өсіру керектігін саңайтын кесте құрастырыңыз.
Excel бағдарламасындағы шешім ағашының негізінде кесте құрыңыз
- Ұяшықтарды біріктіру үшін құралды қолданыңыз
- Ұяшықтарды құралмен көрсетілген түстерге бояңыз
- «Кірістіру» мәзіріне көрсеткілерді (стрелки) енгізу үшін құралды қолданыңыз
-В7 ұяшығындағы күтілетін пайданы есептеу үшін
= D4 * F3 + D7 * F6 + D10 * F9 формуласын енгізіңіз;
-В16 ұяшығына ұқсас есептеулер жүргізіңіз;
- Оңтайлы шешімді есептеу үшін ЕСЛИ функциясын қолданыңыз. A11 ұяшығына
= ЕСЛИ (B7> B16; «бидай»; «қара бидай») функциясын енгізіңіз.
Бағаның өзгеру ықтималдылығын өзгертіңіз:
бағалар көтерілсе – 0.3;
өзгермесе - 0.3;
төмендесе - 0,4.
Шешімді жаңа мәліметтер негізінде есептеңіз.
Деңгей В: Фермер өсіре алатын басқа дәнді дақылды қосып, шешім ағашын жасаңыз. Бағаның өзгеру ықтималдығын және күтілетін пайдасының мәнің өздерін таңдаңыз.
Деңгей С:
Келесі тапсырманы орындау үшін шешім ағашын жасаңыз:
Инвестициялық жобадағы үлесті (акциялар пакетін) сатып алу бойынша жоба қарастырылуда. Пакеттің құны 7 миллионға жетеді. Жоба аяқталғаннан кейін 12 миллион кіріс әкелу ықтималдылығы 0,6 немесе кіріс болмау ықтималдылығы 0,4-ке тең.
Сонымен бірге, біраз уақыттан кейін аналитикалық фирманың осы жобаның сәттілігі туралы болжамы жарияланады. Болжам 0,7 ықтималдылығымен дұрыс, яғни 0,7 шартты ықтималдылыққа тең.
Алайда, жағымды болжам болған жағдайда пакет 10,6 миллионға дейін қымбаттайды, ал теріс болжам болса, ол 3,4 миллионға дейін түседі. Келесі әрекет стратегиясының біреуін таңдау қажет: акцияны сатып алу керек пе, әлде болжамды күту керек пе, бір немесе басқа болжам нәтижесімен сатып алу керек пе.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?