Жасанды интеллекті жобалау. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 11.1A бөлім - Жасанды интеллект

Мектеп:

Күні:

Сынып:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жасанды интеллекті жобалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.3.4.4 жасанды интеллектіні әзірлеуде «мұғаліммен оқыту» әдісін қолдану ауқымын сипаттау

Сабақ мақсаттары

ЖИ құрылымын жіктеу;

«Мұғаліммен оқыту» және «мұғалімсіз оқыту» түсінігін ажырату.

Бағалау критерийлері

«Мұғаліммен оқыту» және «мұғалімсіз оқыту» түсінігін ажыратады;

ЖИ құрылымын жіктейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • жасанды интеллект жасау кезінде "мұғаліммен оқыту" әдісін қолдану аясын сипаттай алады;
  • машиналық оқыту мұғаліммен және мұғалімсіз оқыту әдістерінің айырмашылықтарын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

Жасанды интеллект, зияткерлік жүйе, машиналық оқыту, мұғаліммен оқыту, мұғалімсіз оқыту, мұғалімнің ішінара қатысуымен оқыту, нығайтумен оқыту, нейрондық желі, нейрон, синапс;

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

  • Жасанды интеллекттің негізгі бағыттарына жатады …
  • Білім беруде (экономикада, өнеркәсіпте, ойын индустриясында) жасанды интеллектті қолданудың мысалы деп ... санауға болады
  • Оқыту процесі … тұрады
  • Машиналық оқытудың төрт негізгі тәсілі… бар

Құндылықтарды дарыту

Жұпта, сыныпта жұмыс кезінде бірін бірі тыңдайды, сыйластық ортасын құрады

Пәнаралық байланыстар

Физика, математика

Бастапқы білім

Жасанды интеллект ұғымы, нейрондық желілер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Сыныпқа жағымды ахуал орнату. Сыныпты түгелдеп, электронды журналды толтыру.

Оқушыларды сергіту сәті.

«ИӘ немесе ЖОҚ» әдісі арқылы алған білімін қайталау. Жеке жұмыс.

Иә/жоқ

Тұжырымдар

ЖИ адам денсаулығына диагностика жасау үшін қолданылады

ЖИ-дің дамуына адам еңбегі қажет емес

ЖИ ешкашан қателеспейді

ЖИ өндірістегі тауар сапасына жауап береді

Чат-бот – бұл сұрақтарға жауап беретін адам

ЖИ өндіріс орындарында жұмыс орнын қысқартады

Оқушылармен сабақ тақырыбы мен күтілетін нәтижені талқылау.

Интербелсенді тақта немесе компьютер

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

5 мин

5 мин

Тапсырма 1. Жұптық жұмыс.

Машиналық оқыту әдістерімен шешілетін есептер топтары ұсынылады:

- Аурудың түрін;

- Пайдалы қазбалар кен орындарын болжауды жіктеу;

- Тұтынушылық сұранысты болжау;

- Тауарды сатып алушыға оның мүдделеріне қарай ұсыну;

- Қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалау;

- Құстардың суреттерін түрлері бойынша топтарға бөлу;

- Пәтер бағасын болжау;

- Банктердегі алаяқтық операцияларын табу;

- Жетіспейтін деректерді қайта жасау.

Оқушылар тұжырымнар нөмірін төменде берілген қажетті бөлімге жазады.

Мұғаліммен оқыту

Мұғалімсіз оқыту

Дискриптор:

  • Тұжырымдарды дұрыс жіктейді.

Дифференциация: Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыға қолдау көрсету. Оқушылардың бір-біріне қолдау көрсетуі.

Бағалау: Мұғалім дұрыс жауабын көрсетеді, өзін-өзі бағалау үдерісі орындалады.

Тапсырма 2. Топтық жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әрбір топ «Жасанды интеллектті жіктеу» тақырыбы бойынша білімін шыңдау мақсасында постер құрады.

I топ «Медицинадағы мұғаліммен оқыту әдісі арқылы құрылған ЖИ»

II топ «Білімберу саласындағы мұғаліммен оқыту әдісі арқылы құрылған ЖИ»

III топ «Ойын индустриясындағы мұғаліммен оқыту әдісі арқылы құрылған ЖИ»

IV топ постерлерге анализ жасайды және бағалау жүргізеді. Әрбір топқа кері байланыс береді. (деңгейі жоғары оқушылар)

Дискриптор:

  • - мұғаліммен оқытуды ажыратады;
  • - мұғаліммен оқыту әдісінің қолданыс аймағын толық сипаттайды
  • - ЖИ өмірмен байланыстырады, талдайды.

Бағалау: «Галерея» әдісі

Топтар постерлерін іледі. Басқа топтың жұмысын критерий бойынша бағалайды, ал IV топ оқушылары салыстырмалы бағалау арқылы кері байланыс береді. Мұғалім кері байланыс береді.

Дифференциация: Мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыға қолдау көрсету. Деңгейі жоғары оқушылардың қолдауы.

Сыныпта бүгінгі өтілген тақырыпқа және оқу мақсатына қайта шолу жасау, оқушы деңгейне кері байланыс беру.

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс:

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақты жағымды ақуал орнатумен бастаймын. Үй тапсырмасын пысықтаймын. Сабақ барысында жұптық жұмыс жасалынады. Көмек қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Топтық жұмыс жасалынып жағымды жағымсыз жақтарын анықтайды. Бұл тапсырмада жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушыларға қолдауы болады.

Жұптық жұмыста мұғалім тарапынан кері байланыс жасалынады. Дерекпен жұмыс жасауда оқушылар өзара бағалау жүргізеді.

Сыныпқа жағымды ахуал орнату. Оқушыларды сергіту сәті. Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу