Жасанды интеллект. Информатика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән

Информатика

Сынып

11

Бөлім

11.1А Жасанды интеллект

Сабақ тақырыбы

Жасанды интеллект

Сабақ типі

Жаңа білімді игеру

Оқу мақсаты

11.3.4.2 өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллект қолдану саласын сипаттау

Табыс критерийлері

өнеркәсіпте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда жасанды интеллекттің қолданылу аясын сипаттау

Тілдік мақсаттар

 

  • жасанды интеллектті қолдану салаларын түсіндіру;
  • жасанды интеллекттің өндірісте, білім беруде, ойын индустриясында, қоғамда қолдану аясын сипаттау.

Диалогтар мен әріптер үшін пайдалы тіркестер:

… қасиеті … мүмкіндік береді

Жасанды интеллект ... жасауға мүмкіндік береді

Жасанды интеллект … пайдаланылуы мүмкін

Жасанды интеллект көмегімен …

Құндылықтар

Интернет желісінде ақпарат іздеу кезіндегі зерттеу қызметінің құндылықтары мен принциптері

Алдын ала білім

Оқушылардың ақпарат іздеу дағдылары дамыған

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысына жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақ басы

Сәлемдесу. Оқушылармен сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын және сабақтың соңына қарай күтілетін нәтижелерін талқылау.

Презентация

Сабақ ортасы

Бейнеролик (5 мин.) Жасанды интеллект -

Жасанды интеллект дегеніміз не (ЖИ)?

1) зияткерлік машиналарды, әсіресе зияткерлік компьютерлік программаларды жасау технологиясы мен ғылымы;

2) зияткерлік жүйелердің дәстүрлі түрде адамның құзыреті болып саналатын шығармашылық функцияларды орындау қасиеті

Ұжымдық жасанды интеллект.

  • топтың осы топтағы ең жақсы жеке шешімге қарағанда мәселелердің тиімдірек шешімін табу мүмкіндігі.

Топтық жұмыс. Постер жасау (15 мин)

Тапсырма:

  • ЖИ бұл салада қандай міндеттерді шешеді?
  • Адамның және жасанды интеллекттің әртүрлі тапсырмаларды орындауын салыстырыңыз. Жасанды интеллект пен адамның артықшылықтарын атап шығыңыз.
  • Таңдалған салада жасанды интеллектті қолдану қырларын топпен талқылаңыз.

1 топ. Өнеркәсіп

2 топ. Білім

3 топ. Ойын индустриясы

4 топ. Қоғам

Топтағы рөлдер:

  • Жетекші барлық топ мүшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді, нұсқаулар береді, әр қатысушының жұмысын бағалайды;
  • Дизайнер постер жасайды, идеяларды графикалық редакторда тікелей жүзеге асырады;
  • Спикер - көрсетілімге постер дайындайды, оны жасаудың дәйектілігін және жоспарланғаннан не орындалмағанын көрсетеді.

Бағалау критерийлері (өз критерийлеріңізді ұсыныңыз)

  • Мазмұны
    • Сұрақтарға жауап беру
    • Мысалдар келтіру
    • ЖИ пен адамды салыстыру
  • Дизайн
  • ЖИ мүмкіндіктері

Өз қызметіңіздің нәтижелерін көрсетіңіз және жасалған постерлерді бағалаңыз (5 мин)

  • Әзірленген критерийлер бойынша өзара бағалау

Жасанды интеллекттің программалық жүйелері

Біз күнделікті өмірде қолданатын жасанды интеллекттің мысалдары

  • Виртуалды жеке көмекшілер (Siri, Kortana)
  • Бейне ойындар
  • Жасанды интеллекті бар автомобильдер (өздігінен басқарылатын машиналар)
  • Тауарлар ұсынысы (Target пен Amazon)
  • Алаяқтықты анықтау
  • Тұтынушыларды онлайн қолдау
  • Жаңалық порталдары
  • Бейнебақылау
  • Фильмдер мен музыка бойынша ұсыныстар

Үй жұмысы:

Жасанды интеллектті әзірлеудің заманауи тенденцияларын тауып, жазыңыз.

Сабақтың түйіндемесі:

  • Біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  • ЖИ дегеніміз не?
  • ЖИ қандай салаларда қолдануға болады?
  • Адамның ЖИ қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз.

Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер:

youtube.com

/watch?v=bA_jEDMIkcY

https://app.popplet.

com

Сабақ соңы

Рефлексия - Padlet.com

- менің білімім артты

- маған сабақтағы тапсырмалар ұнады

- сабақ мақсатына қол жеткізілді

- мен сабақта өте жақсы жұмыс істедім

- тақырып менің мүмкіндіктерімді ашуға көмектеседі

Презентация

Дифференциация

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Дифференциация тапсырмаларды таңдауда, белгілі бір студенттен күтілетін нәтижеде, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқушылардың жеке қабілеттерін (Гарднердің бірнеше интеллект теориясы) ескере отырып, оқу материалы мен ресурстарды таңдауда көрініс табуы мүмкін.

Дифференциация сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады, тек уақытты ескеру қажет.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдістерді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Қолданылатын физикалық минуттар мен белсенді қызмет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік ереженің тармақтары.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу