Машиналық оқытудың принциптері. Информатика, 10 сынып, презентация, 2 сабақ.
«Досыңмен жолға шыққанда...»
4-5 адамнан құралған топтық жұмыс. Қағаздағы текшеге оқушылар өз аттарын жазып оны саяхатқа бірге шыққысы келетін оқушының атымен сызық арқылы жалғастырады.
Нейрокомпьютерлердің даму технологиясы және олардың маңызы
Термин «Нейрондық желі »
Көптеген адамдар андроидтер мен роботтар туралы қиял-ғажайыптармен, адамдарды алмастыратын және имитациялайтын машиналармен байланыстырады.
Бұл әсерді көптеген нейрожүйелерді әзірлеушілердің жақын арада қалай роботтар жай ғана адамдарды бақылау арқылы әртүрлі іс-әрекеттерді меңгере бастайтыны күшейте түседі.
Нейрондық желі
- жалғау топологиясы желі түріне байланысты болатын, көптеген салыстырмалы түрде қарапайым элементтер – нейрондар жиыны болып табылады
Нейрондық желілер
- жіктеу, оңтайландыру және болжау мәселелерін шешу және үлгіні тану үшін қолайлы болып табылады
Жасанды нейрондық желілер
олар өзара әрекеттесетін қарапайым процессорлардың жиынтығынан тұратын параллель есептегіш құрылғылар болып табылады.
Нейрондық желілерді оқыту
Нейрондық желілер бағдарламаланбайды, олар үйренеді. Оқу мүмкіндігі - дәстүрлі алгоритмдермен салыстырғанда нейрондық желілердің негізгі артықшылықтарының бірі болып саналады.
Нейрокомпьютинг
параллель жұмыс істейтін қарапайым есептеуіш элементтерден (нейрондар) тұратын есептегіш жүйелердің алтыншы буынын, нейрокомпьютерлерді жасаумен айналысатын ғылыми сала.
Алдыңғы буын есептеуіш құралғылардан нейрокомпьютерлердің айырмашылығы
Қарапайым есептеу құрылғыларының өте үлкен санының параллель жұмысы үлкен шапшаңдықты қамтамасыз етеді;
Желі параметрлерін баптау арқылы нейрон желісі оқуға қабілетті;
нейрондық желілердің жоғары тұрақтылығы;
Нейрокомпьютерлердің кемшілігі
1. Олар бейсызықтық логикаға және өзін-өзі ұйымдастыру теориясына байланысты нақты мәселелерді шешу үшін арнайы жасалады. Кәдімгі компьютерлерде мұндай мәселелерді тек сандық әдістермен шешуге болады.
2. Олардың бірегейлігіне байланысты бұл құрылғылар өте қымбат.
Нейрокомпьютерлердің екі түрі болады:
1. көптеген нейрочиптерден тұратын үлкен әмбебап компьютерлер.
2. нейрон жұмысын қайталайтын кәдімгі компьютерлерге арналған бағдарламалар, нейроимитаторлар.
Нейроимитаторлар
Мұндай бағдарламаның негізінде ішкі байланыстары бар нейрочип жұмысының алгоритмі жүзеге асады. “Қара жәшік” принципі бойынша жұмыс жасайды.
Нейрожелілерді практикалық мәселелерді шешуге қолдану
Банк және сақтандыру компаниялары:
финанстық құжаттар мен чектерді автоматты түрде оқу;
Электрондық қол қоюдың дұрыстығын тексеруде ;
Қарыздың тәуекелділігін бағалауда;
Экономикалық көрсеткіштердің өзгеруін болжауда;
Нейрожелілерді практикалық мәселелерді шешуге қолдану
Басқару және қызмет көрсету:
Құжаттарды автоматты түрде оқу;
автоматты түрде штрихкодтарды анықтау.
Мұнай және химия өндірісі:
• геологиялық ақпаратты сараптау;
• құрылғылардың ақауларын сәйкестендіру;
• аэрофототүсіру арқылы минералдар шоғырларын барлау;
• қоспалардың құрамын сараптау;
• процестерді басқару.
Әскери өндіріс және аэронавтика:
дыбыстық сигналдарды өңдеу (бөлу, сәйкестендіру, оқшаулау);
радиолокациялық сигналдарды өңдеу (мақсатты тану, сәйкестендіру және көздерді оқшаулау);
инфрақызыл сигналдарды өңдеу (оқшаулау);
ақпарат жинау;
сынақтан өткізуді автоматтандыру.
Өнеркәсіптік өндіріс :
манипуляторды басқару;
сапаны бақылау;
процестерді басқару;
ақауларды анықтау;
бейімделген робототехника;
дауысты басқару.
Қауіпсіздік қызметі :
Бет әлпетін, дауысты, саусақ бедерін тану.
Биомедициналық өнеркәсіп:
рентгендік талдау;
ЭКГ-да ауытқуларды анықтау.
Телевидение және байланыс:
Желіні адаптивті басқару;
суретті қысу және қалпына келтіру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?