Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітемін» ____________

Қысқа мерзімді жоспар

Информатика, 10 сынып, ҚГБ

Орта мерзімді жоспар бөлімі:

10.4А Жасанды интеллект және Blockchain (блокчейн) технологиясы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 10

Қатысушы оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Сабақ тақырыбы

Нейронды желілердің жұмысы және ұйымдастыру принциптері

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты игеру

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

10.3.1.1 машиналық оқыту принциптерін, нейрондық желілерді (нейрондық және синапстар) түсіндіру

Сабақ мақсаты

нейрондық желілердің жұмыс принциптерін (нейрондық және синапстар) түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • Жасанды нейрондық желілерді құру принциптерін түсіндіру
  • Жасанды нейрондық желілерді қолдану салаларын сипаттау
  • Басқа топтың жұмысын бағалау және кері байланыс беру

Оқытудың тілдік мақсаты

нейрондық желілердің жұмыс принциптерін түсіндіру және қолдану салаларын сипаттауда терминологияны қолдану

Пәнге қатысты терминдер:

  • нейрон;
  • синапс;
  • нейрондық желі;
  • салмағы

Пайдалы сөз тіркестер:

Нейрондық желілердің жұмыс принципі …

Нейрондық желілердің негізгі элементтері ретінде … атауға болады

Нейрондық желілер … сияқты тапсырмаларды шешуді жеңілдетеді

Нейрондық желілер … және т.б. салаларда қолданылады.

Құндылықтарға баулу

Топпен жұмыс кезінде сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілік

Өзін-өзі оқыту және өзара оқыту кезіндегі мақсатқа жету және жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Биология курсы бойынша оқытылатын адамның нерв жүйесінің жұмысы тақырыбымен байланыс

Алдыңғы меңгерген білім

Жергілікті және ғаламдық желілермен жұмыс дағдысы, бұлтты технологияларды қолдану қабілеті, адамның нерв жүйесінің жұмысы тақырыбы бойынша пәндік білімі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу

Оқушыларды ынталандыру

Оқушылардан берілген суретке ассоциативті сөздерді, терминдерді атауларын сұраңыз. Олардан адам миының құрылысын еске түсіруді сұраңыз. Нерв жүйесінің «нейрон», «синапс», «дендрит», «аксон» сиақты негізгі элементтерін талқылаңыз.

Адамның нерв жүйесіне ұқсас жұмыс істейтін жүйе құру мүмкіндігі жөнінде сұраңыз? Егер мүмкін болған жағдайда оны қалай жүзеге асыру керек? Осындай жүйелер туралы оқушылардың білімі туралы сұраңыз.

Оқу мақсаттарымен және күтілетін нәтижелермен таныстыру

Презентация

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

10 мин

Нейрондық желілердің негізгі түсінігі

Жұмыстың түрi: видеоматериалды көріп, оның мазмұнын талқылау, мұғалімнің түсіндіруі

Бағалау критериі:

1. Жасанды нейрондық желілерді құру принциптерін түсіндіру

Нейрондық желілердің негізгі түсінігін қалыптастыратын видеоматериалды көрсетіңіз

https://www.youtube.com/watch?v=F-4S7O5llJM

Жасанды нейрондық желілердің және адамның нерв жүйесінің жұмыс принциптерінің ұқсастығын талқылаңыз.

Нейрондық желілердің негізгі ұғымдарын тұсіндіріңіз

  • Кіріс деректері
  • Синапс
  • Сумматор
  • Белсендіру функциясы
  • Шығыс қабаты

Нейрондық желілерді қолдану салалары

Жұмыстың түрi: топпен жұмыс кезіндегі зерттеу, топтағы талқылау, зерттелген тақырып бойынша постер дайындау, басқа топтың жұмысын бағадау

Бағалау критерилері:

2. Жасанды нейрондық желілерді қолдану салаларын сипаттау

3. Басқа топтың жұмысын бағалау және кері байланыс беру

Оқушыларды 3 топқа бөліп, нейрондық желілер негізінде жұмыс істейтін 1-2 программаны зерттеп, олардың жұмыс принципін басқа топтарға түсіндіруін ұйымдастырыңыз. Топтарға берілген материалдарды қарастырып, топта талқылауларын қадағалаңыз. Қарастырылған материалдар бойынша әр топтан постер дайындауларын қадағалаңыз.

Оқушылардан топтың постер бойынша түсіндіруін бағалаушы критерийлерді құрастыруларын сұраңыз, барлығына қол жетімді етіп, тақтаға жазып қойыңыз.

Зерттеу тақырыптары

1-топ: Нейрожелілердің топтыстыру есептерінде қолданылауы

2-группа: Нейрожелілердің болжау есептерінде

қолданылауы

3-группа: Нейрожелілердің танып білу есептерінде қолданылауы

Топтыстыру — деректерді әртүрлі параметрлер бойынша жіктеу. Мысалы, әр түрлі кіріс мәліметтері (жасы, табысы, отбасы жағдайы) бойынша қай клиентке кредит беру керектігі туралы есеп.

Болжау — келесі қадамды болжау. Мысалы, қорлар нарығындағы акциялардың өсуі немесе төмендеуін болжау туралы есеп.

Танып білу — нейрожелілердің ең кең қолданыс тапқан саласы. Мысалы, телефон камерасының адам бетін танып

біліп, оны бөліп алуы.

Постерлер бойынша топтардың түсіндіруін ұйымдастырыңыз. Үсынылған ақпартты критерийлер бойынша бағалауды ұйымдастырыңыз және кері байланыс беріңіз.

https://www.youtube.com/watch?v=F-4S7O5llJM

Презентация

Топтық зерттеу үшін ұсынылатын сілтемелер

https://habr.com/ru/post/312450/

https://habr.com/ru/post/313216/

 

https://www.youtube.com/watch?v=3dFExvnM4sI -  

 

https://www.youtube.com/watch?v=sSz5lF6-UYo  

  

https://www.youtube.com/watch?v=ssksDik65Ok  

 

Постерлер

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Оқушыларды қарама-қарсы орналасатындай етіп екі шеңберге тізіңіз. Келесі сұрақтар бойынша өзара кері байланыс берулерін сұраңыз:

  • 1. Сіздің ойыңызша сабақтан басты идеясы неде
  • Келесі сұраққа көшерде сыртқы шеңбердің бір орынға оңға жылжуын сұраңыз
  • 2. Ең қызықты әрі игеруге жеңіл болған материал
  • Келесі сұраққа көшерде сыртқы шеңбердің бір орынға оңға жылжуын сұраңыз
  • 3. Сіз үшін толық ашылмаған бір сұрақ

Презентация

ДифференциалдыоқытуКөбірек

Қолдау көрсету үшінне істейсіз?

Қабілеті жоғары оқушыларды

Дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Дифференциация тапсырмалардың деңгейі бойынша жүзеге асады.

Қалыптастырушы бағалау, өзара бағалау

Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Сабақ бойынша

рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу

мақсаттарышынайыболдыма? Барлықоқушылар ОМ-на

жетті мен?

Егержетпесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс

Жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

Кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан

Қандай шегінулер болды және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға

Және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында сыныптың немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері мен қиыншылықтары жөнінде не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу керек

1.

2.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу