Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры. Информатика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 10.3А бөлім: Ақпараттық жүйелер

Мектеп:

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Деректер қорын басқару жүйесіндегі деректер қоры

Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

алғашқы кілт деректер қорында қалай қолданылатынын түсіндіру;

деректер қорындағы деректерді сұрыптау және сүзгіден өткізу.

 Сабақ мақсаты

Кілітті өріс, алғашқы кілт ұғымдарын түсіну;

Құрылған кестеде алғашқы кілітті орнату;

Деректерді сұрыптау жолдарымен танысу;

Деректерді параметрлері арқылы сүзгіден өткізу.

Жетістік критерийлері

Алғашқы кілітті орнатады;

Деректерді сұрыптай алады;

Кестедегі әр типті деректерді сүзгіден өткізе алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • дерекқорлардың мақсаты мен мүмкіндіктерін ауызша сипаттай алады;
  • дерекқорлардың негізгі нысандары мен сол нысандармен жасауға рұқсат етілген операцияларды атай алады;

Пәнге арналған арнайы лексика және терминология:

Дерекқорларды басқару жүйелері, жол, жазба, негізгі жол, деректер түрлері, сұраныс, форма, есеп, деректерді іріктеу, сұрыптау, сүзу, жасанды зият,

эксперттік жүйе, білім қорлары, іздеу жүйелері, аудармашылар, энциклопедия, білім қорлары, логикалық қорытынды блогы.

Диалог пен жазылымға арналған пайдалы сөйлемшелер:

Деректер қорындағы жолдар ... деп аталады.

Дерекқорларда орналастырылатын деректер түрлері ... бола алады.

Бірінші кілт .... қолданылады, өйткені... .

Мен бірінші кілтті .... жол үшін қолдандым, өйткені ... .

... кестесінен ... таңдау үшін ... шартын қолдану керек.

Құндылықтарды бойға сіңіру

 

 

Өзара бағалау барысында адалдық, ашықтық, академиялық шындық құндылықтарын бойға сіңіру.

Топтық жұмыс арқылы бір- бірін сыйлау, құрмет көрсету құндылықтарын бойға сіңіру.

Пәнаралық байланыстар

География – әлем мемлекеттері, өзен -көлдері және қалалар жайындағы деректер қорына мысал келтіру барысында іске асырылады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылар деректер қорын жасайды, электрондық кестеде деректерді іздей, сұрыптай және сүзе алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспарланған сабақ іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин

, Қ) Оқушылардан өткен сабақта жасаған дерекқорына немесе оларды басқа пән салаларынан, күнделікті өмірден қызықтыратын тақырыпқа біркестелі дерекқор жасап, оған бірнеше жазба енгізуді сұраңыз.

Бір кестелі деректер қорын құру кезінде өріс ерекшеліктеріне назар аударыңыз.

Сонымен қатар деректерді енгізуге, кесте режиміне, конструктор режиміне ерекше назар аударыңыз, дұрыс орындау барысын қадағалаңыз.

Оқушылар қиналатын болса, оларға тапсырманы үлгі бойынша орындауды ұсыныңыз.

MS Access

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

5 мин

7 мин

2 мин

4 мин

(Т) Оқушыларға кейбір жолдардың қасиеттерін көрсетуді ұсыныңыз (жол көлемі, жол деректерінің форматы, нөмірленген жол). Берген жауаптарын толықтыру қажет жағдайда толықтырып шығыңыз.

Алғашқы кілті қатысты дерекқорларда әр жол үшін ерекше анықтауышты қамтамасыз ететін кестедегі өріс немесе өрістер жинағы.

) Оқушыларды алғашқы кілт түсінігімен таныстырыңыз. Оқушылар алғашқы кілтті беруге болатын өрісті бөліп көрсететін кесте үлгілерін ұсыныңыз.

(Ж, Қ) Орындалған тапсырма негізінде және өздері құрған кестеде оқушылардан алғашқы кілтті анықтауын сұраңыз және неліктен сол өрісті алғашқы кіліт деп алуға болатынын негіздеуді сұраңыз.

(Т, Ө) Деректерді сұрыптау және сүзу тақырыбына кіріспе жасау үшін оқушыларға өздерінің жасаған кестелеріне 10 жазба енгізуді тапсырыңыз. Оқушыларға келесі сұрақты қойыңыз: егер кестедегі жазбалар саны жүздеген немесе мыңдаған болса, онда қажеті деректерді табу, белгілі деректерді қамтитын жазбаны бөлу қалай іске асырылады?

(П) Сүзгілерді қолданып ДҚБЖ мүмкіндіктерін көрсетіңіз және сүзгілер түрлерімен таныстырыңыз.

(Ө) Оқушылардан арнайы белгілері арқылы деректерді дайындалған кестеде әр өріс бойынша сұрыптауды сұраңыз. Қандай өзгеріс болғанын атап өтсін.

MS Access

Деректерді сұрыптау және сүзу:

https://www.youtube.com/watch?v=feTldYWUt8Q

Сабақ соңы

4 мин

(Ө, Қ) Оқушылар кестелеріндегі деректерді сүзіп, өз іс-әрекеттерін негіздейді (сандық, мәтіндік сүзгілер). Қандай сүзгіні және оны қалай пайдаланғанын түсіндіреді.

MS Access

Саралау – Сіз қалайша көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз қабілеті жоғары білім алушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасын сақатау

Дерекқорларына байланысты қосымша мысалдар келтіру.

Дерекқор құру барысында қосымша өрістер қосу, олардың типтерін анықтау бойынша тапсырмалар беріледі.

Дерекқордың кестесін құру, кестеге деректер енгізу, кесте өрістерінің типтерін анықтау барысы бақылау арқылы бағаланады.

Өз бетінше кестедегі мәліметтерді сұрыптау сүзгілеу барысы бақылау арқылы бағаланады. Сұрыптау сүзгілеу жүргізгеннен кейін өз іс-әрекеттерін негіздеу барысында өзара бағалауды іске асырады.

Класста тыныштық сақтау, орнынан тұрып жүгірмеу,

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

Бүкіл оқушылар ОМ-ға жетті ме?

Жоқ болса, неге?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Осы тарауды сабақ туралы ойлану үшін қолданыңыз. Сол жақ бағанда тұрған сіздің сабағыңыз туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың қай екі аспектісі жақсы өтті (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты қалай жақсартуға болар еді (оқу мен оқыту тұрғысынан бірге ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып жайында немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу